Көптен күткен «Қазақ елі» мультфильмін ең бірінші балалар үйінің тәрбиеленушілері тамашалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Kinopark 8 3D» кинотеатрында Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» атты қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті.