ІІМ 2015 жылғы бюджеттік бағдарламалардың үздік әкімшісі болып танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті бюджетті атқарудың сапасын көтеру, қаржылық тәртіпті жақсарту, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі - ББӘ және ММ) бухгалтерлік қызметтерінің біліктілік деңгейін көтеру мақсатында ағымдағы жылы алғашқы рет ББӘ және ММ арасында 2015 жылдың қорытындысы бойынша рейтинг жүргізді.