АУА-РАЙЫ: 9 мамырда елімізде найзағайлы жаңбыр жауады, қатты жел соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады. Солтүстікте түнде жауын жауады, оңтүстікте, оңтүстік шығыста қатты нөсер болады. Кей жерлерде тұман, күшті жел сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.