СҚО әкімі майдангерлер Қасым Жүнісов пен Сергей Пресняковтың үйіне барды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңіс қарсаңында ҰОС ардагерлерінің үйіне баруды дәстүрге айналдырған СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Қасым Жүнісов пен Сергей Пресняковты келе жатқан мерекемен құттықтады, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.