Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу рәсімі барысында жауынгерлер зиратына Даңқ гүлшоқтары мен гүл себеттері қойылды. Жиналған қауым сарбаздар мен оркестрдің маршымен қаза тапқан жауынгерлер зиратының басына барды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.