Түркістан қаласында 24 ардагер Жеңіс күнін тойлайды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев өңірдегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Ұлы мереке қарсаңында ардагерлерге барша жұртшылық атынан құттықтау лебізін жеткізген қала басшысы, жеңісті жақындатып, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт майдангерлердің әлеуметтік мәселелерімен де танысып шықты.