ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ: Көлікке қағылып қырылып жатқан аңдарды құтқаруымыз керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда елімізде көліктерге жоғары жылдамдықпен жүруге мүмкіндік беретін жолдар көбейді, ондағы зулаған автомобильдер жабайы аңдарға үлкен қауіп. Мекен ету аумақтарының арасын жол бөліп тастаған, болмаса қоныс аударған, азық іздеген ірілі-ұсақты аңдар көлік астында қалып жатқаны аз емес. Бұл жағдай бұрын да кездесетін десек те соңғы жылдары қатты көбейген.