Облыс әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерін мерекемен құттықтады-Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері Мақсұт Сырғалиевтің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.