Литва экономика министрі: ЭКСПО-2017 екіжақты қатынастарға жаңа серпін береді
АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Сыртқы істер министрлігінде «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев Литва экономика министрі Эвальдас Густас бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты байланыстар мен Литваның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мәселелерін талқылады.