Алматылық құтқарушылар ақмолалық әріптестеріне көмектесуге аттанды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көктемгі су тасқыны кезінде орын алатын төтенше жағдай барысында келтірілетін шығындарды азайту және құтқарушылардың күшін еселендіру мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі мен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық жедел-құтқару отряды (РЖҚО) ақмолалық әріптестеріне көмектесуге аттанды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.