Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы есірткі тасымалымен айналысқан
![Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы есірткі тасымалымен айналысқан](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160313023914.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші ең жеңіл салмақ пен жартылай жеңіл салмақта WBA және IBF нұсқалары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы панамалық Селестино Кабальеро кокаин тасымалымен айналысқанын мойындады. Бұл туралы АП-ға сілтемемен 24.kz хабарлайды.