Абылай хан батасын алмай жорыққа аттанбайтын Жалаңаш баба туралы не білеміз?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаугершілік заманда қазақта небір жүрек жұтқан мықты батырлар болған. Олардың көзсіз ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып таралып, әлі күнге айтылып келеді. Осы баһадүрлердің сансыз жеңістерінің сыры әуелі сарбаздар мен қолбасшылардың соғыс тәсілін дұрыс таңдауында, ерлікпен шайқасуында болса, екінші жағынан ұрыс өтетін жерді, ұрыстың басталу уақытын көрегендікпен дәл болжай білген әулиелердің ақыл-кеңесінде жатыр. Қазақ хандығы дәуірінде, хан Абылайдың тұсында өмір сүрген осындай бабаларымыздың бірі - Жалаңаш баба болатын.