25 жыл ішінде Қазақстанға 957 мың оралман келді
![25 жыл ішінде Қазақстанға 957 мың оралман келді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20150406174610.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды.