Ақмола облысында сайлау науқанына қоғамдық бақылау жасау басталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда Сайлауға бақылау жасау жөніндегі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ғосман Төлеғұл бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, онда сайлау науқанына қоғамдық бақылау жасау тетігі жайлы айтып берді, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».