Ақмола облысында көлік жол жұмысшыларын қағып кетті, бір адам қаза тапты
Ақмола облысындағы тасжолда жол мекемесінің үш қызметкерін көлік қағып кетті, олардың бірі қаза тапты. Қайғылы оқиға 23 қазанда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Астана-Атбасар-Жақсы автожолының 163-шақырымында болған.
"Chery Arrizo 8 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде жарық шағылыстыратын кеудешесіз жүрген жол мекемесінің үш қызметкерін қағып кетті. Жол апаты салдарынан бір жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады полициядан.
Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.