Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


“Баршамызға пайдалы“ - Тоқаев Қазақстанға озық ойлы мамандардың келуі туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты. Президент мәртебелі меймандардың осы іс-шараға қатысуы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты көрсететінін атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіретінін айтты. Соңғы жиырма жылда бельгиялық компаниялар экономикамызға 15 миллиард доллардан астам қаржы құйған.

"Елімізде агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау, фармацевтика, озық технологиялар мен энергетика салаларында 100-ден астам бельгиялық және бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істейді. Олардың қатарында Jan De Nul, Sarens және Ahlers сияқты жетекші бельгиялық компаниялар бар. Екіжақты сауда көлемінің өсіп келе жатқаны қуантады. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-саттық шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар сауда үдерістерін жеңілдету және тауар айналымы өсімін арттыру үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз қажет. Сонда ғана халықтарымыздың қалауына қол жеткізетінімізге сенімдімін. Қазақстан Бельгияның Орталық Азия аймағындағы ірі сауда серіктесі саналады", – деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Президент екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге Король Филипптің айрықша үлес қосқанына тоқталды.

"Сіз 16 жыл бұрын Қазақстанға сауда миссиясын бастап келдіңіз. Бұл қадам елдеріміздің іскер топтары арасындағы ұзақмерзімді ықпалдастыққа берік негіз қалады. Сіздің Бельгия бизнесіне көрсетіп келе жатқан қолдауыңыз серіктестігімізді ілгерілетуге зор ықпал етті. Дегенмен ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға әлеуетіміз жеткілікті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, көлік-логистика қарым-қатынасты нығайтатын негізгі бағыттардың бірі саналады. Президент Қазақстан теміржол және автокөлік инфрақұрылымын, Орта дәліз бойындағы теңіз порттары мен терминалдарын жаңғыртуға ауқымды инвестиция құйып жатқанын мәлімдеді.

"Осы орайда, Еуропадағы ірі логистикалық орталықтың бірі ретінде Бельгияның бай тәжірибесінен үйренеріміз көп. Антверпен-Брюгге порт кешені мен Каспий теңізіндегі Ақтау, Құрық порттары арасында нәтижелі серіктестік орнайтынына сенімдіміз. Бұл Қазақстанның металл, мұнай химиясы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін үлкен нарыққа шығаруға мүмкіндік береді", – деді Президент Тоқаев.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен технологиялық индустрияны дамыту өзара серіктестіктің негізгі басымдығы екенін айтты.

"Жасанды интеллект пен цифрлық технология мүмкіндігін пайдалана отырып, AlemAi, Alatau City секілді ірі бастамаларды жедел іске асырамыз. Өнеркәсіптің озық салалары аталған орталықтарда қалыптасады. Бельгияның жартылай өткізгіштерді зерттеу саласында позициясы мықты. Осы артықшылықты ескеріп, бірлескен жобаларды іске асыруға және серіктестікті дамытуға болады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективасына баса назар аударды.

"Қазақстан еуропалық нарыққа тұрақты түрде мұнай жеткізеді. Сонымен қатар жаңартылатын қуат көздері, энергия тиімділігін арттыру, өнеркәсіпті декарбонизациялау және сутегі өндірісі салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бельгия компанияларын шикізатты терең өңдеу, химия өнеркәсібі және қосылған құны жоғары полимер өнімдерін шығару бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамын", – деді Президент.

Президент жасыл энергетикаға көшу және цифрлық экономиканы дамыту аса маңызды минералдар саласындағы өндірістік кооперация мүмкіндіктеріне жол ашатынына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің мемлекеттік сапары аясында аса маңызды минералдар бойынша Қазақстан-Бельгия дөңгелек үстелі ұйымдастырылғанын атап өтті.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

"Еліміз Еуропа өнеркәсібі үшін ауадай қажет 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Сонымен қатар Бельгияға титан мен молибден өнімдерін тасымалдайды. Біздің ресурс әлеуетіміз бен Бельгияның инвестициясын, технологиясы мен білім-білігін ұштастыра отырып, осы өте маңызды салада стратегиялық серіктестік құра аламыз. Бүгінгі іс-шараның нәтижесі нақты инвестициялық және технологиялық жобаларға ұласады деп үміттенемін. Мақсатымыз – отандық өңдеу өнеркәсібін өркендетіп, қосылған құны жоғары тауар шығару. John Cockerill және Qarmet компаниялары мырышталған болат пен қорғаныш жабындарын өндіру бойынша серіктестікті жолға қоймақ. Бельгиялық әріптестердің геологиялық барлау, шикізат және металл өңдеу жобаларына қатысуын құптаймыз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өнімділікті арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, сондай-ақ су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға баса мән беретінін айтты. Бұдан бөлек, Президент медицина мен фармацевтика салаларындағы серіктестікті нығайтудың маңызына назар аударды.

"Біз IBA компаниясымен ынтымақтастықты құптаймыз. Бұл Қазақстандағы протонды терапияға қолжетімділікті арттырады. Сала мамандарын даярлауға және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысты бірлескен бағдарлама онкологиялық ауруларды емдеудің озық тәсілдері бойынша құзыретімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Бельгияның фармацевтикалық компанияларын елімізде өндіріс орындарын ашуға шақырамыз", – деп атап өтті Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан өз азаматтарымен бірге жұмыс істей алатын озық ойлы әрі іскер тұлғаларды тартуға мүдделі екенін айтты.

"Мұндай мамандар елімізге неғұрлым көп келсе, соғұрлым баршамызға пайдалы болар еді. Өйткені осы арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсарып, кәсіби байланыс жандана түседі. Халқымыз осындай аралас-құраластықты бағалайды. Қазақстан Президенті ретінде мен үшін елімізге келетін азаматтардың шыққан тегі емес, ең алдымен, қарым-қабілеті мен ақыл-ойы маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы инвестициялық климатты жақсарту, заңнаманы жетілдіру, адал бәсекені қорғау және инвесторлармен тікелей диалог өрбіту бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды.

"Халықаралық зерттеу және рейтинг агенттіктерінің бағалауына сәйкес, жуықта Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдерінің арасында 34-орынға тұрақтады. Макроэкономикалық көрсеткіштерге зер салсақ, еліміз көптеген салада, атап айтқанда, әлеуметтік қорғау, инновациялық саясат, цифрландыру, ЖИ-ді дамыту, сыртқы саясат, ғылым және білім, заң үстемдігі қағидатын орнықтыру, қоршаған ортаны аялау, экологиялық мәдениетті ілгерілету, волонтерлік қозғалысты қолдау, ең маңыздысы, адамның құқығы мен бостандығын қорғауда елеулі прогреске қол жеткізді. Бұл қағидаттардың барлығы Конституцияда бекітілген. Азаматтар, Президент ретінде мен де оны мүлтіксіз сақтауымыз қажет. Біздің ұранымыз – «Бірлігіміз – әралуандықта!». Аталған қағидатқа сүйене отырып, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға бар күшімізді саламыз. Осылайша, барлық шетелдік, соның ішінде Бельгия компанияларына қолайлы әрі ашық іскерлік климат қалыптастырдық", – деді Қазақстан Президенті.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Король Филипп Брюссельде және Астанада Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға қажетті алғышарттардың барлығы бар екенін атап өтті.

"Еуропалық одақтың дәл ортасында орналасқан Бельгия Еуропа нарығына шығатын қақпа ретінде елеулі рөл атқарады. Сондай-ақ технология, инновация, таза энергетика, логистика және халықаралық сауда саласында айтарлықтай тәжірибеге ие. Ал Қазақстан еуразиялық кеңістіктің маңызды аумағы саналады. Географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасуының және мол табиғи ресурстарының арқасында Қазақстан әлем экономикасында ерекше орны бар аймақтық сауда, инвестиция және жасыл экономиканы дамыту орталығына айналды. Мұның бәрі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге шынайы негіз болады", – деді ол.

Бельгиялықтар королі екі елдің бизнес өкілдерін энергетика, аса маңызды минералдар, көлік-логистика, қаржы және туризм сияқты перспективті салаларда ықпалдастықты жандандыруға шақырды.

"Бельгия мен Қазақстанның арасы географиялық жағынан алшақ болғанымен, мақсат-мұраттарымыз, амал-әрекеттеріміз және табандылығымыз тұрғысынан өте жақын елдерміз", – деп түйіндеді король Филипп.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net