Flydubai ұшқышы 11 қыркүйек сценарийі бойынша теракт жасамақ болған - TV
Израиль билігі Flydubai ұшағын басып алу әрекетінің түпкі мақсаты 11 қыркүйектегідей теракт жасау үшін оны зәулім ғимаратқа бағыттау болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Израильдің 12-арнасы және The Telegraph хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
"Бір ұшқыш екіншісін пышақтап, 11 қыркүйектегі терактіні қайталауға тырысты - ұшақты басқарып, барлық жолаушымен бірге жерге немесе қандай да бір нысанға соғылмақ болған, жолаушылардың басым бөлігі - израильдіктер", - деп хабарлады дереккөз телеарнаға.
Telegraph басылымы Израиль арнайы қызметтеріндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, Flydubai әуе компаниясы ұшағының ұшқышы Тель-Авивтегі зәулім ғимараттардың біріне соғылуды жоспарлауы мүмкін екенін хабарлады.
Сәрсенбі күні Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai ұшағы төтенше жағдай туралы белгі беріп, біраз уақыттан соң Сауд Арабиясына шұғыл қонды. Кейінірек әуе компаниясы ұшу кезінде ұшқыштар арасында төбелес болғанын растады. Кейін БАҚ-та ұшқыштардың бірі екіншісін пышақтап, ұшақты апатқа ұшыратпақ болғаны туралы ақпарат тарады.