Астанада жаңбыр жауып, Алматыда күн 26 градусқа дейін жылынады
"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 1, 2 және 3 қазан күндері ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, қазан айының басы Астана тұрғындары үшін жаңбырлы әрі желді болады, ал Алматыда айтарлықтай жылы ауа райы сақталады. Елордада алдағы күндері күндізгі температура +15…+18 градус деңгейінде болса, Алматыда күн +26 градусқа дейін жылынады.
Астанадағы ауа райы болжамы
1 қазанда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +16...+18 градус.
2 қазанда күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +16...+18 градус.
3 қазанда күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +15...+17 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
1 қазанда күн бұлтты, кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +24...+26 градус.
2 қазанда күн бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, кей кездері екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +19...+21 градус.
3 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, кей кездері екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +23...+25 градус.
Қазақстанда қар жауып, 6 градусқа дейін үсік жүреді
Бұған дейін синоптиктер қазан айының басында Қазақстанда ауа райы айтарлықтай өзгеретінін хабарлаған болатын. 1–3 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр, ал батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр мен жылбысқы қар жаууы мүмкін. Кей аймақтарда түнде температура -6 градусқа дейін төмендейді. Толығырақ осы жерден оқыңыз.