Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


“Тұтас қабірлер тізбегі“: Петропавлда спорт орталығының құрылысы кезінде көне зират табылды

Петропавлда Инклюзивті спорт орталығының құрылысы кезінде ескі зират табылды. Жұмыс барысында кемінде 20 адамның сүйегі жер бетіне шығарылып, олар уақытша жақын маңдағы шіркеуге тапсырылды, кейін қаладағы қолданыстағы зиратқа қайта жерленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала орталығындағы бұрынғы жас натуралистер бекеті аумағында Инклюзивті спорт орталығы салынып жатыр.
Өткен аптада құрылыс барысында адам сүйектері табылғаны белгілі болды.

"Құрылыс алаңында адам сүйектері табылғаны туралы бізге бейжай қала алмаған азамат хабарлады. Біз сол жерге барып, бұл жалғыз-жарым қабір емес, тұтас қабірлер тізбегі екенін көрдік. Қазылып алынған топырақ арасында да сүйектер көрініп жатты, кейін оларды еріктілер қазып алды. Біз тиісті органдарға хабарластық, полиция жедел келіп, қажетті шараларды жүргізді", – деді Tengrinews.kz тілшісіне "Барлық әулие" храмының ключарі иерей Антоний Шувакин.


Құрылыс XIX ғасырдың аяғында ескі қалалық зират болған аумақта жүріп жатқаны белгілі болды. Құрылыс нысаны маңында "Барлық әулие" храмы орналасқан – оның құрылысы 1892 жылы осы зират шіркеуі ретінде басталған.

"Сол кезде Петропавлдың солтүстік шеті болған аймақтан жаңа зиратқа орын бөлініп, оның жанынан "Барлық әулие" құрметіне зират шіркеуін салу жоспарланған. Уақыт өте келе қала ұлғайып, ауқымды аумақты алып жатқан зират қаланың қақ ортасында қалып қойды. Өлкетанушылардың мәліметінше, ол 1950-жылдарға дейін жұмыс істеген, бірақ кейін де жерлеу рәсімдері жүргізілген болуы әбден мүмкін", – деп Антоний Шувакин тарихи мәліметтерді бөлісті.


Ол бұған дейін де ескі зират аумағында қандай да бір жер немесе құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде адам сүйектері табылғанын атап өтті.

"Бірақ бұл жолы бәрі өте ауқымды болды. Бізге 20-ға жуық марқұмның сүйегін әкелді. Сүйектер бір апта бойы храмда жиналды, қоятын жер де қалмады. Демалыс күндері сүйектерді алып кетіп, қайта жерледі. Бірақ жұмыс жалғаса береді, сондықтан бұл сан әлі де артатыны анық. Бұл жер зират болғанын және онда жүздеген қабір барын, олардың бәрі бір-біріне өте жақын орналасқанын түсінуіміз керек", – дейді Антоний Шувакин


Ол рухани-имандылық тұрғысынан алғанда, зират үстіне құрылыс салу дұрыс емес екенін айтты.

"Бұрынғы зираттар аумағында ғимарат салуға, су құбырын жүргізуге болмайтыны туралы құжаттар мен санитарлық нормалар бар. Ескі қорымдардың орны тек гүлзар немесе саябақ болуы тиіс. Бірақ құрылысты тоқтату мүмкін болмаса, ең бастысы – қайта жерлеу жұмыстарын атқаруымыз керек. Құрылысшылар жұмыс барысында мұқият болып, ата-баба аруағы қорланбауы үшін бұл сүйектерді шығарып алуы тиіс", – деп түйіндеді Антоний Шувакин.

Құрылыс жалғасады, сүйектер қайта жерленеді
Tengrinews.kz тілшісі пікір алу үшін полиция мен қала әкімдігіне жүгінді. Сүйектердің табылу фактісі бойынша тексеріс жүріп жатыр.

"Қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Сүйектердің шығу тегі мен табылған өзге де жағдайларды анықтау үшін тексеріс тағайындалды. Ақырғы қорытынды тексеріс нәтижесі бойынша жасалады", – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Қала әкімінің баспасөз қызметі құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы екенін түсіндірді. Ведомство Инклюзивті спорт орталығының құрылыс учаскесінде шұңқыр қазу кезінде адам сүйектері табылғанын растады.

"Полиция қызметкерлері шақырылып, орын тексерілді, қылмыс құрамының бар-жоғына қатысты қажетті сараптама жүргізілді. Сүйектер жиналып, шіркеуге уақытша сақтауға берілді. Прокуратурадан қайта жерлеуге рұқсат алынғаннан кейін, 19 қыркүйекте арнайы ұйым сүйектерді белгіленген тәртіппен қаланың қолданыстағы зиратына қайта жерледі", – деді Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Жұманов Tengrinews.kz-ке.

Петропавл әкімдігі құрылыс жұмыстары жалғасатынын атап өтіп, бұл учаске бақылауда екенін және алдағы уақытта сүйектер табылған жағдайда шаралар осындай бекітілген алгоритм бойынша жүргізілетінін айтты.

Бұл жерде кезінде үлкен қалалық зират болғанын Петропавлдың көптеген тұрғыны біледі. Кеңес дәуірінде ескі зираттың бүкіл ауқымды аумағын жас натуралистер бекеті иеленді, өйткені санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес, зират жабылғаннан кейін 20 жыл өткен соң оның аумағын тек жасыл желектер, саябақтар мен гүлзарлар үшін пайдалануға рұқсат етіледі.

Алайда 2000-жылдары жас натуралистер бекетінен тұрғын үйлер, балабақша, ойын-сауық орталығының құрылысы үшін жер телімдерін біртіндеп ала бастады. Бұл аумақта қандай да бір құрылыс басталса, құрылысшылар міндетті түрде адам сүйектерін қазып алады.

2008 жылы түнгі клубтың құрылысы кезінде бірнеше ондаған қабір қазылған болатын. Сол кезде діни қызметкерлер мен бейжай қарамайтын қала тұрғындары сүйектерді жинап, храмда марқұмдардың аруағына бағыштап мінажат еткен.

Қазір бұл зираттардан шыққан мәйіт қалдықтары Барлық әулие храмы аумағында жерленген, бұған сол жердегі ескерткіш крест дәлел.

Фото: Елена Бережная/Tengrinews.kz
Ал зират орнындағы ең ірі құрылыстардың бірі жұртшылықтың наразылығы мен дінбасылардың араласуынан кейін тоқтатылған.
2013 жылы қалада осы мәселеге байланысты дау шықты. Ол кезде жергілікті кәсіпкер ескі қорымның үлкен аумағын сатып алып, бұл жерге ірі сауда ойын-сауық орталығын салуды жоспарлаған.
Үлкен құрылыс барысында жүздеген зират қиратылатыны белгілі еді. Сол кезде Барлық әулие храмының жетекшісі Виктор Михейкин (қазіргі Петропавл және Булаев епископы Владимир) қала мен облыс басшылығына осы мәселеге араласуды өтініп, хат жолдады. Петропавл әкімі (сол кездегі Төлеген Закариянов) "сүйектердің үстіне" СОО салуға жол бермейтінін айтты.
Расында кәсіпкерге сауда үйінің құрылысына басқа жер бөлінді. Ал ескі қорымның босаған орнына заманауи футбол алаңы салынды, ол қазір адам көп баратын спорт нысандары біріне айналды.


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net