Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


“Көмектесіңіз“. Қазақстандықтарды маркетплейс қорабындағы жазу алаңдатты

Егер сіз маркетплейс қорабы сыртынан "Көмектесіңіз" деген жазуды көрсеңіз, не істер едіңіз? Радиаторға тапсырыс берген сатып алушы осындай жағдайға тап болды. Ол қаптаманы суретке түсіріп, желі қолданушыларынан бұл оғаш жазудың астарында бір қауіп болуы мүмкін бе деп сұрады. Жазба аз уақыт ішінде миллионға жуық қаралым жинады. Tengri Life оқиғаның мән-жайын анықтады.
Бәрі қалай басталды?
Бұл оқиғаны әлеуметтік желі қолданушысы бөлісті. Ол "Көмектесіңіз" (Помогите) деген жазуды маркетплейстен тапсырыс берген радиатор қорабы сыртынан байқап қалған.

"Маркетплейстен радиатор сатып алдым, ал қорапта осындай жазу тұр. Не істеу керек? Әлде біреудің әзілі болуы мүмкін бе?" - деп жазды автор.

Скриншот: Threads
Жазба 1 миллионға жуық қаралым жинады. Пікір қалдырушылар оқиғаның түрлі нұсқасын талқылады.

"Еңбек құлдығы ойыншық емес. Бұл туралы тиісті органдарға хабарлаған дұрыс", "Егер қожайыны құлы қорапқа осындай жазу жазғанын біліп қойса, оны бұл өмірде ешкім көрмейді", - деп жазды желі қолданушылары.

Полиция не деді?
Алматы Полиция департаменті бұл жағдайды тексергендерін хабарлады. Ведомство мәліметінше, жазуды қойма қызметкері жазған - ол бұл әзіл екенін түсіндірді.

"Бұл дерек бойынша Алматы полициясы тексеріс жүргізді. Әлеуметтік желіде тиісті жазбаны жариялаған сатып алушы, сондай-ақ тауарды сатқан интернет-дүкен өкілдері анықталды. Тексеріс барысында қаптамадағы "Көмектесіңіз" деген жазуды қойма қызметкері әзілдеп жазғаны белгілі болды. Бұл ақпарат тексеріс шаралары барысында расталды", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Полиция дүкенге және оның қызметкерлеріне қатысты шара қолдануға негіз анықталмағанын айтты.

"Дүкен мен оның қызметкерлеріне қатысты шара қолдануға негіз анықталған жоқ", - деп түйіндеді полициядағылар.

Заңгер кеңесі
Бұл жағдайда қауіп жалған болып шыққанымен, сатып алушы жазу әзіл немесе шынайы мәселеге назар аударту әрекеті екенін өз бетінше анықтай алмайды.
Біз халықаралық заң фирмасының аға заңгері Фарит Айтбагиннен мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек екенін сұрадық. Оның айтуынша, ең алдымен қаптаманы және басқа да ықтимал дәлелдемелерді қоқысқа тастамау керек.

"Қаптаманы тастамаңыз, жазуды суретке түсіріп алыңыз, чекті және қосымшадағы сатушының немесе жеткізушінің деректерін сақтаңыз: мұның бәрі заттай дәлелдеме бола алады", - деді ол.

Осыдан кейін полицияға хабарласу керек. Айтбагин тек 102 нөміріне қоңырау шалумен шектелмеуге кеңес береді.

"Бұл ретте 102-ге қоңырау шалумен шектелмей, eOtinish порталы, ІІМ сайты арқылы немесе жеке барып жазбаша өтініш берген дұрыс. Бұл жағдайда органдар өтінішті тіркеп, белгіленген мерзімде негізді жауап беруге міндетті болады, ал егер олар әрекетсіздік танытса, прокуратура арқылы шағымдануға мүмкіндік туады", - деп түсіндірді заңгер.

Сондай-ақ, оның айтуынша, тауар сатып алынған платформаның өзіне де хабарласқан жөн. Заңгердің пікірінше, бұл әр арнаны жеке қолданғаннан көрі тиімдірек болады.

"Маркетплейстің қолдау қызметі арқылы жағдай туралы хабарлап, сатушының немесе жеткізушінің деректерін сұрау қажет. Әдетте платформаларда тауарды кім орналастырғаны, жөнелтілім қайдан шыққаны және қай қойма арқылы өткені туралы толық ақпарат болады. Заң бойынша, олар құқық қорғау органдарына жәрдемдесуге және сұрау салу бойынша мұндай мәліметтерді беруге міндетті. Сонымен қатар ресми қолдау қызметі арқылы жүгіну тіркеледі және тағы бір құжаттық із қалдырады - бұл платформаның өзін де тәртіпке салады, өйткені мұндай белгілер бойынша беделге нұқсан келу қаупі олар үшін өте сезімтал", - деді Фарит.

Не істеуге болмайды?
Заңгердің ерекше ескертуі - өз бетінше тергеу жүргізбей, сатушыға тікелей кінә артпау керек.

"Бұл кінәлілерді үркітіп, зардап шегушілерге зиян тигізуі мүмкін. Барлық ақпаратты құқық қорғау органдарына тапсыру керек", - деп атап өтті ол.

Заңгердің пайымдауынша, органдарға жүгінген кезде тәуекел тепе-теңдігін түсіну керек. Жалған дабылдың құны жоғары емес: ең болмағанда тексеріс ештеңені растамайды, ал азамат адал ниетпен жүгінгені үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды.

"Ал еленбеген нақты белгінің құны - біреудің бостандығы, тіпті өмірі болуы мүмкін. Сондықтан жағдайдың зиянсыз болу ықтималдығы жоғары болса да, хабарлаған жөн", - деді маман.

Қазақстанда еңбекке мәжбүрлеу үшін қандай жаза қарастырылған?
Қазақстанда адам саудасы қылмыс саналады. Заңгер мәжбүрлі еңбек пен адам саудасы ауыр және аса ауыр қылмыстарға жататынын (Қылмыстық кодекстің 128 және 135-баптары) түсіндірді.
Қылмыстық кодекске сәйкес мынадай жауапкершілік қарастырылған:

128-бап (Адам саудасы): мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (баптың бөлігіне байланысты);
135-бап (Кәмелетке толмағандар саудасы): мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (баптың бөлігіне байланысты).

Айта кетейік, Қазақстанда адам саудасы мен құлдыққа салу деректері әлі де тіркеледі. Сәуірде Абай облысында сот "Күміс алқа" иегері, 62 жастағы әйелді 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті. Ол әлеуметтік осал топтағы адамдарды алдап, шаруа қожалықтарына апарып, олардың ақшасын иемденіп келген.
Тағы оқыңыз: Өзгенің опасыздығынан миллион тапқан зейнеткер: Қазақстанда бұл кәсіп қалай жұмыс істейді?
Фарит Айтбагин Maqsut Narikbayev University-де "құқықтану" мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген. 2020 жылдан бастап Астанадағы халықаралық заң компаниясында заңгер болып жұмыс істейді, қазіргі уақытта аға заңгер қызметін атқарады. 2023 жылдан бастап бұл жұмысты Заң консультанттары палатасының атқарушы хатшысы лауазымымен қатар алып жүр.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net