Балмұздақ аппараты астаналық қызды “кепілге алған“: құтқару сәтінен видео
Астаналық құтқарушыларға ерекше шақырту түсті: дүкендердің бірінде қыздың саусағы балмұздақ дайындайтын аппаратқа кептеліп қалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, оны тек арнайы құралдың көмегімен босату мүмкін болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Балмұздақ аппараты астаналық тұрғынды "тұтқынға алған"
Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне түскен. ТЖМ мәліметінше, оқиға Нұра ауданындағы дүкендердің бірінде болған.
Оқиға орнына құтқарушылар жетті. Қыздың саусағын босату үшін оларға электрлік құралдың көмегімен аппараттың конструкциясын кесуге тура келген.
Осыдан кейін қыз қолын шығарып алды. Оған медициналық көмек қажет болмады.Құтқару операциясының сәті видеоға түсіп қалған.
ТЖМ ескертеді: төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.