Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға байланысты қозғалыс шектеледі
Алматыда Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралардың өтуіне байланысты бірнеше көшеде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Шектеулер Төле би және Қазыбек би көшелерінің Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөліктерінде қолданылады.
Аталған учаскелерде қозғалыс 17 қыркүйек сағат 15:00-ден бастап жабылады. Шектеулер 21 қыркүйек сағат 03:00-ге дейін күшінде болады.
Жүргізушілерден бағытты жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеру сұралады.
Алматыдағы Қала күні: 19 және 20 қыркүйекте қайда баруға және не көруге болады?
Алматыдағы жолға қатысты шектеулер
30 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қайрат шағын ауданында - Тараз бен Бәйге көшелерінің қиылысынан Сұлутал мен Бәйге көшелерінің қиылысына дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
5 қыркүйектен 10 қазанға дейін Арықов көшесінің бойында қозғалыс толықтай тоқтатылды - Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
16 қыркүйек сағат 08:00-ден 20 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Момышұлы көшесінің бойымен - Зерделі шағын ауданынан Д. А. Қонаев атындағы мешітке дейінгі бөлікте қозғалыс шектеледі.