Волейболдан Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Азия ойындарының плей-офф кезеңіне шықты
Қазақстандық волейболшылар бірінші сетте 27:29 есебімен есе жібергенімен, кейін ойын ағымын өзгерте алды және матчті төрт сетте аяқтады.
Ойын нәтижесі: Қазақстан құрамасының пайдасына 27:29; 26:24; 25:23; 25:19.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Қытай және Филиппин командаларымен бір топқа түсті. Турнир регламенті бойынша плей-офф кезеңіне топтан екі команда шығады. Қытайлықтар өзара кездесуде филиппиндіктерді 3:0 есебімен тас-талқан етті, сондықтан Қазақстан құрамасы Азияданың 1/4 финалына қатысу мүмкіндігін иеленді.
Топтағы бірінші орын үшін Қытай құрамасына қарсы матч 18 қыркүйекте өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
KAZAKHSTAN VOLLEYBALL FEDERATION (@volleyfederationkz) жарияланымы
Еске сала кетейік, Азия ойындарының ресми ашылуы 19 қыркүйекте өтеді. Биыл Азияданы Жапония қабылдайды.
Бұған дейін волейболдан Қазақстан құрамасының капитаны Кристина Белова Голливуд жұлдызы Сидни Суини түскен даулы жарнама туралы пікір білдірген болатын.