Астанада әйел мен екі жасар бала қаза тапты
Астанада 27 жастағы әйел мен екі жасар баланың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.27 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап мерт болған.
"Құлаған кезде ол екі жасар бала отырған арбаның үстіне түскен. Алған жарақаттарынан бала көз жұмды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полиция тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.