Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Салынып жатқан үйден пәтер сатып алу. Кейін соттаспау үшін нені ескеру керек?

Салынып жатқан үйден баспана сатып алу буклеттегі, макеттегі немесе сату бөлімі менеджері сипаттаған пәтерге қол жеткізуге кепілдік бермейді. Алайда, үміт пен шындық сәйкес келмегені үшін құрылыс салушыны жауапқа тарту оңай шаруа емес. Қазақстан Ұлттық тұтынушылар лигасы президентінің орынбасары Василий Романовский жарнамалық өнімдерді емес, сатып алушы мен құрылыс салушы арасындағы келісімшартты зерттеуге кеңес береді. Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде спикер мәміле жасалғаннан кейін жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелер туындаған жағдайда не істеу керек екенін айтып берді.
Неге құрылыс салушының уәдесіне сенуге болмайды?
Василий Романовский өз тәжірибесінен бірнеше жағдайды мысалға келтірді. Мәселен, кейде сату бөлімінде салынып жатқан тұрғын үй жобасын жарнамалағанда, тұрғын үй кешенінің ішінде де, сыртында да дамыған инфрақұрылым болады деп уәде береді.

"Бізге тұтынушылар жүгінді, оларға тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алу кезінде метро желісі ұзартылатынын, тіпті жоспарын көргендерін айтқан. Адамдар бұған сеніп, тексермеген. Кейін бұл жерде метро жоспарланбағаны және ол бағытқа қарай салынбайтыны анықталды. Көп жағдайда қасбеті басқаша болады, аумақ көгалдандырылады деп уәде береді. Бірақ мұның бірі де орындалмайды. Пәтерді сатып алғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, адамдар осы сәйкессіздіктер бойынша не істеуге болатынын білу үшін бізге хабарласты", - деді спикер.

Бұл жағдайда Ұлттық тұтынушылар лигасының мамандары үлескерлер мен құрылыс компаниясы арасында жасалған келісімшартты талдады. Нәтижесінде болашақ нысанға қатысты аталған жайттардың ешбірі құжатта көрсетілмегені белгілі болды.

"Ақыры адамдар сан соғып қалды, өйткені мұның бәрі жазбаша бекітілмеген. Менеджердің ауызша уәдесі ғана болған. Ал одан бұл ақпаратқа қатысты жауап беруін талап ету мүмкін емес, себебі оның айтқандарын растайтын құжат түріндегі айғақ жоқ. Тым болмаса хат алмасу түрінде болса бір жөн, бірақ көбіне ол да болмайды, өйткені олар жобаны көрсеткен кезде бәрін сол жерде ауызша ұсынады", - деп нақтылады Василий Романовский.

Сатып алушы мен құрылыс салушы арасындағы келісімшарт қандай болуы керек?
Tengri Home бұған дейін бірнеше рет шұңқыр сатысында пәтер сатып алу ережелері туралы материалдар жариялаған болатын. Біздің сарапшылар үлестік құрылыс туралы заңға сәйкес, құрылыс салушы үлескерлердің ақшасын үлестік қатысу шарты (ҮҚШ) негізінде ғана тартуға құқылы екенін үнемі айтады. Өзге нұсқалар заңсыз саналады.
ҮҚШ міндетті түрде Үлестік құрылыстың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (Qazreestr порталы жүйесінде) тіркеледі. Осыдан кейін ғана банк болашақ баспана үшін төлемді қабылдап, өткізе алады.
Сала мамандары біздің материалдарымызда "нөлден бастап" баспана сатып алуды осындай келісімшарт қана толық қорғайтынын бірнеше рет айтқан. Дегенмен, бұл тұтынушы басқа құжат, мысалы, мәміле жасалуы мүмкін сатып алу-сату шарты негізінде сотта өз құқығын қорғай алмайды дегенді білдірмейді.

"Сотқа жүгіне аласыз. Ең бастысы, ол (келісімшарт - ред. еск.) жазбаша болуы тиіс. Кәсіпкер мен тұтынушы (құрылыс салушы мен сатып алушы) арасында жасалған кез келген келісімшарт бойынша сотқа жүгініп, талап арыз беруге болады", - деп есептейді Василий Романовский.

Сатып алушы мен құрылыс салушы арасындағы келісімшартта не жазылуы керек?
Василий Романовский келісімшартта болашақ тұрғын үй кешенінің қасбетін қаптауға қолданылатын материалдардан бастап, құрылыс материалдарына, балалар алаңқайларына, сондай-ақ үй маңындағы аумақты көгалдандыру ауқымы мен сипатына дейін барынша егжей-тегжейлі жазуға кеңес береді.

"Барлық техникалық құжаттама болуы тиіс. Онда шаршы метр, тұру жағдайлары, пәтерге не берілуі және жүргізілуі тиіс екені туралы техникалық сипаттамалар жазылуы керек. Пәтерге су, электр энергиясы қалай келеді, үйде генератор бар ма, жоқ па, болашақта жаңа құрылыста қандай инфрақұрылым қарастырылған - осының бәрі көрсетілуі қажет", - деп нұсқады спикер.

Егер құжатта келісілген жайттардың бәрі кейін орындалмаса, клиент компаниядан кемшіліктерді жоюды талап ете алады. Сондай-ақ ақшаны қайтаруға да болады. Бірақ пәтерді қайтару мүмкіндігі нысандағы нақты қандай кемшіліктің анықталғанына байланысты. Егер бұл кәріз немесе электр жүйесінің жұмысына әсер ететін коммуникацияларды дұрыс жүргізбеу сияқты елеулі ақау болса, онда нысанды сатып алуға салынған қаражатты қайтарудан үміттенуге болады.

"Сізге сапасыз тауар ұсынылды. Мұндай жағдайда сіз, әрине, ақшаңызды қайтарып аласыз. Бірақ пәтерді тапсыру мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өсімақыға қаншалықты сенуге болады? Айталық, құрылыс салушы сіз қайтаруды немесе өтемақыны талап еткен сәттен бастап төлемді кешіктіріп жатыр. Сол сәттен бастап өсімақы есептеледі деп күтуге болады. Олар ақшаны қайтаруы тиіс болған күннен бастап кешіктірілген әрбір күн үшін өсімақы пәтер құнының бір пайызын құрайды", - деді сарапшы.

Келісімшартта маңызды тармақтар жоқ. Өтемақы алуға бола ма?
Василий Романовскийдің айтуынша, құрылыс салушылар нысан бойынша нақты жайттар келісімшартта көрсетілмегенін алға тартып, қандай да бір шығынды өтеуден немесе жөндеуден жиі бас тартады. Бірақ компаниялар ымыраға келіп, сатып алушымен ортақ шешімге келген жағдайлар да бар.

"Көбінесе өтемақы төленетін, яғни әр шаршы метр үшін соманың белгілі бір бөлігі қайтарылатын, бірақ бұл әрдайым бола бермейтін. Мәселен, егер жаңадан салынған тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бәрі бірдей сатылып кетпесе, оларға (құрылыс компанияларына - ред. еск.) қандай да бір өтемақыны қайтару тиімді. Бірақ бұл олар заң бойынша оны қайтаруға міндетті дегенді білдірмейді, өйткені бұл мәселе алдын ала талқыланбаса, ешкім сізге ештеңе қарыз емес. Егер бәрі тек сөз жүзінде қалса, өкінішке қарай, ештеңе істей алмайсыз", - деп ескертті сарапшы.

Сатып алушының өз құқықтарын қорғау тетіктері бар, бірақ көп нәрсе оның қызығушылығы мен белсенділігіне де байланысты. Сотта өз құқығыңды қорғау сауатты жасалған келісімшарт пен қажетті құжаттар болған жағдайда әлдеқайда оңай болатынын түсіну маңызды.
Тағы оқыңыз: Үлкен жеңілдіктер - күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?
Қазақстандық құрылыс салушыларды тұрғын үй санаттарын сақтауға қалай мәжбүрлеуге болады?

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net