Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Нұрай Серікбайдың өлімі: полицейлерге қарсы іс туралы не белгілі?

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Tengrinews.kz Шымкент қалалық прокуратурасы мен полиция департаментінен бұл істің қай кезеңде екенін және тергеу барысы туралы не белгілі екенін анықтады.
7 ай өтті: полицейлерге қатысты іс не болды?
13 тамызда сот Шерхан Аймаханды өмір бойына бостандығынан айыру туралы үкім шығарғаннан кейін, Tengrinews.kz полицейлерге қатысты істің жай-күйін білуді жөн көрді.
Шымкент прокуратурасы істің әлі де тергеліп жатқанын хабарлады.

"2026 жылғы 19 қаңтарда Шымкент қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеді (сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды – ред. ескертпесі). Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда", – деп мәлімдеді прокуратура.

Сонымен қатар ведомство тергеу құпиялылығына сүйеніп, іс бойынша қанша адамның өтіп жатқанын айтпады.
Полицейлерге қандай қауіп төнеді?
371-баптың 2-бөлігі "Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық" бойынша мынадай жаза қарастырылған:

4000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылға 17 300 000 теңге);
1000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға дейін айыра отырып, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру.

Тергеушіге қатысты іс
Сотта Нұрайдың ұрланғаны туралы хабарлама бойынша шақыртуға келген тергеушінің өзі де іс бойынша өтіп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы ол 31 шілдедегі жауап алу кезінде айтты. Сол кезде ер адам 20 қаңтарда – Нұрай өлтірілгеннен кейін тоғыз күн өткен соң – "заңсыз шешім қабылдағаны үшін" полициядан шығарылғанын хабарлады.
Дәл осы тергеуші бойжеткен қаза тапқаннан кейін әлеуметтік желілерде тараған видеоны жеке телефонына түсірген. Бейнежазбада Нұрай оны ешкім ұрламағанын және Аймаханның көлігіне өз еркімен отырғанын айтқан.

Нұрайдың ағалары сотта сол күні бойжеткен көрші бөлмеде отырғанда, тергеуші Аймаханның әкесімен "бауырсақпен шай ішіп отырған" мәлімдеді. Экс-тергеушінің өзі бұл айыпты жоққа шығарды.
Анықтама: Кейінірек, 7 тамызда, сотта видеоға жүргізілген сараптама нәтижелері жарияланды: мамандар жазбадағы Нұрайдың сөзі алдын ала дайындалған және алдын ала ойластыру элементтері бар деген қорытындыға келді.
Шымкент полициясы Tengrinews.kz-ке бұрынғы тергеушіге қатысты сотқа дейінгі тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады, бірақ егжей-тегжейін ашпады.
Біз Нұрай түсірілген видеоның пайда болуы мен таралу мән-жайы бөлек тергеле ме деген сұраққа жауап іздедік. Бұл сұраққа Шымкент полициясы да, прокуратурасы да жауап берген жоқ.
Полицейлерге неге қылмыстық іс қозғалды?
Нұрай Серікбай 2026 жылы 11 қаңтарда кешке Шымкенттегі ата-анасының үйінің жанында өлтірілді. Тергеу мәліметтері бойынша, оның танысы, 28 жастағы Шерхан Аймахан бойжеткенге 35 жерден пышақ салып, қашып кеткен. Ол екі күннен кейін ұсталды.

Қайғылы оқиғадан кейін Нұрайдың туыстары ер адамның бойжеткенді 2025 жылдың жазынан бері аңдып жүргенін айтты. Күзде ол Нұрайды некеге мәжбүрлеу үшін Алматыдан Шымкентке алып кеткен. Нұрайдың ағалары полицейлермен бірге оны үйіне қайтарып ала алды.
Алайда, отбасының айтуынша, содан кейін олар полиция мен прокуратураға адам ұрлау туралы бірнеше рет арызданғанымен, тиісті реакция болмаған. Бірнеше айдан кейін Нұрай өлтірілді.
20 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға үн қатты. Ол полицияның іс-әрекетіне баға беруді тапсырды. Сол кезде Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбековтің қызметінен босатылғаны хабарланды.
22 қаңтарда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов некеге тұруға мәжбүрлеу туралы істі тіркемеген қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Кісі өлтіру", "Некеге тұруға мәжбүрлеу" және "Сталкинг"
Судья Саммидин Темиралиев Аймаханды Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша кінәлі деп танып, әр эпизод бойынша мынадай жаза тағайындады:

99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бойынша – өмір бойына бас бостандығынан айыру;
125-1-бап "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша – 2 жылға бас бостандығынан айыру;
115-1-бап "Сталкинг" бойынша – 200 сағаттық қоғамдық жұмыс.


"Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалсын", – деп төрағалық етуші судья үкімді оқыды.

Бұған дейін прокурор Мадияр Әбілқасымов сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
"Аффект жағдайында болдым": сотталушы сотта не деді?
28 жастағы сотталушы Ш. А. Нұрайды ұрлау және аңду туралы айыптарды жоққа шығарған еді.
Ол қызбен қарым-қатынаста болғанын, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағанын, ал қайғылы оқиға болған күні жүзікті қайтарып, айырылысу үшін келгенін мәлімдеді.
Оның нұсқасы бойынша, Нұрай оған бірінші болып пышақ жұмсаған, содан кейін ол аффект жағдайына түсіп, оған қалай өлімші жарақат салғаны есінде жоқ екенін айтады. Сондай-ақ Ш. А. 2019 жылдан бастап басынан алған жарақатынан кейін психикалық ауытқуы барын мәлімдеді.
Сотталушының соттағы сөзі / Соттың онлайн отырысынан скриншот
Бір жарым сағат ішінде 76 қоңырау: бұған дейін не белгілі болды?
Бұған дейін прокурор айыптау актісін оқыды, ол үш эпизодтан тұрады.
Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың жазында сотталушы Нұраймен танысып, күзде оны Алматыда ұрлап кеткен және некеге тұруға мәжбүрлеу үшін Түркістан облысындағы туыстарының үйіне апарған. Сол кезде қыздың ағалары полициямен бірге оны үйіне қайтарып алған.
Бұдан кейін, тергеу деректері бойынша, ер адам қыздың соңына түскен: бірнеше күн ішінде оған 154-тен астам рет қоңырау шалып, Алматыдағы үйі маңында аңдып жүрген.
2026 жылғы 11 қаңтарда кешке Шымкентте Нұрайдың ата-анасының үйі маңында ер адам оған пышақ жарақаттарын салған. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал күдікті екі күннен кейін ұсталды.
Анықтама: Бұған дейін тергеу барысында күдікті тергеу изоляторынан Алматы облысының Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін ауыстырылған болатын . Сол кезде Нұрайдың туыстары күдікті психикалық ауытқуды желеу етіп, жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін деп қауіптенген. Бірақ сараптама күдіктінің есі дұрыс деп таныды.
Соттың онлайн-отырысынан скриншот


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net