“Дастан жақсы ойнады“: “Бёрнли“ бапкері Сәтпаевтың ойынына баға берді
Кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында "Брэдфорд Сити" 4:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының 18 жастағы вингері алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, 80 минут ойнады. Кейін ол алмастырылып, пенальти сериясына қатысқан жоқ.
Алаңда болған уақыт ішінде Дастан екі рет соққы жасап, пастарының 86 пайызын дәл жеткізді және допқа таласта сегіз рет жеңіске жетті.
"Дастан өте жақсы ойнады. Ол үнемі қарсылас қақпасына қауіп төндіреді және бастаманы өз қолына алудан қорықпайды. Жалпы команда жақсы үйлесім тауып, бос аймақтарды таба білді – бұл дәл жаттығуда пысықтаған дүниеміз. Дегенмен Дастанға да, басқа жаңа ойыншыларға да ағылшын футболының жоғары қарқынына бейімделу үшін біраз уақыт қажет. Біз олардың жаттығудағы жұмысын көріп отырмыз және алға басатынына сенеміз. Енді осыны ресми матчтарда тұрақты көрсету маңызды", – деді "Бёрнли" бас бапкері Ники Хайен.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы
Дастан Сәтпаев Англияда
Еске сала кетейік, "Қайрат" түлегі Дастан Сәтпаевтың трансферлік құқығы осы жаздан бастап толықтай лондондық "Челсиге" тиесілі. Алайда биыл бапкерлер штабы қазақстандық футболшыны "Бёрнлиге" жалға беруді жөн көрді.
Қазіргі уақытта Сәтпаев Чемпионшипте "Вест Бромвичке" қарсы бір матч өткізіп, алаңда 33 минут ойнады. Сондай-ақ Англия лигасы кубогында да бір кездесу өткізді. Әзірге оның еншісінде гол немесе нәтижелі пас жоқ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы
"Бёрнли" келесі матчын 29 тамызда Чемпионшиптің 3-туры аясында "Норвич Ситиге" қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Англия лигасы кубогынан шығып қалғаннан кейін Дастан Сәтпаев жанкүйерлерге үндеу жасап, қолдау білдіргендерге алғыс айтқан болатын.