Жаңбыр және аптап: Қазақстанда 24 тамызда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" дүйсенбі, 24 тамызға арналған қалалардағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады деп болжанады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана - көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Алматы - көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Шымкент - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 31-33 градус аптап болады.
Түркістан - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 32-34 градус аптап болады.
Қонаев - көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 18-23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап болады.
Талдықорған - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Қызылорда - аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 30-32 градус аптап болады.
Тараз - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап болады.
Ақтау - бұлттылық аз, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап болады.
Атырау - бұлттылық аз, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз 6-11 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.
Орал - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап болады.
Ақтөбе - бұлттылық аз, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 27-29 градус жылы болады.
Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кейде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 градус жылы болады.
Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Қостанай - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Петропавл - көшпелі бұлт шығады, түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Павлодар - бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Семей - көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Өскемен - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 20-22 градус жылы болады.