Жанкүйер матч кезінде “Ювентус“ футболшысын жарақаттады: видео
Оқиға негізгі құрам мен жастар құрамы арасындағы жолдастық матч кезінде болған. Клубтық дәстүр бойынша, ойынға келген жанкүйерлердің үзіліс кезінде футболшылармен тілдесуге мүмкіндігі бар.
Жанкүйерлердің бірі бұл мүмкіндікті ерекше тәсілмен пайдалануды жөн көрген. Ол команданың негізгі қорғаушысына дөрекі подкат жасап көрсетті.
Жанкүйердің бұл ерсі қылығы маусым басында клубтың жетекші ойыншыларының бірінен айырылуына әкеп соғуы мүмкін. Италиялық БАҚ қорғаушының бұлшықеті созылып кеткенін хабарлады.
"Ювентус" келесі жексенбіде Фрозинонеде өтетін 2026/27 А сериясы маусымының бірінші турында Федерико Гаттидің көмегіне жүгіне алмауы мүмкін", - деп жазады басылым.
Гатти команданың келесі жаттығуына қатыспағаны белгілі, бірақ алдағы ойынға қатысты соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.
"Аузилио — қабілетсіз, өйткені ол артық ойыншылардан құтыла алмайды"Көптеген (өте көп) адамдар үшін бұл "орындалмас арманға" айналуда pic.twitter.com/tP1PRgklKx— Paolo (@Paolo78475202) 18 тамыз, 2026 жыл
Айта кетейік, былтыр Гатти медиальды менискінің жыртылуына байланысты ота жасатып, 8 ойынды өткізіп алған болатын.
Жаңа жарақатқа қатысты футболшының өзі де, клуб та әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Федерико Гатти деген кім?28 жастағы италиялық қорғаушыны "Ювентус" 2022 жылы "Фрозинонеден" сатып алған болатын. Transfermarkt мәліметінше, туриндік клуб ол үшін 9 миллион еуро төлеген.
Гатти 2024 жылы командамен бірге Италия кубогінің иегері атанып, сол жылы ұлттық құрамаға шақырту алды. Ол ұлттық құрама сапында 8 матч өткізді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Федерико Гаттидің жарияланымы (@federicogatti.4)
Өткен маусымда ол "Ювентус" сапында барлық турнирде 28 матч өткізіп, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді."Қайраттың" қарсыласы Алматыда түсірілген әсерлі кадрларды жариялады