Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Әдемі сурет үшін өлім аузынан қалды: қазақстандық дәрігерлер жасөспірімді құтқарды

Қостанайлық 15 жастағы жасөспірім бір сәттік сурет үшін ажалмен бетпе-бет келді: ол теміржол вагонының үстіне шығып, 27 мың вольттық тоқ соққысына жығылып, денесінің 60 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер бір жарым ай бойы оның өмірі үшін күресіп, 18 ота жасады және аяқ-қолын ампутациядан аман алып қалды. Қазір жасөспірім сауығып келеді және болашақта дәрігер болғысы келетінін айтады, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.
Кернеу астындағы сурет
Биылғы маусымда Қостанай облыстық ауруханасына өте ауыр электр жарақатын алған 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Оқиғадан сәл бұрын ол досымен бірге әсерлі суретке түсу үшін теміржол вагонының үстіне шыққан. Ол сол сәтте түсірілген суретті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап та үлгерген.
Зардап шеккен жасөспірімнің парақшасынан скриншотАлайда бала вагон үстіне шыққан кезде тоқ соққан: оның денесі арқылы 27 мың вольт өтіп, жасөспірім отқа оранған.

"Мен ұшып барып жерге құладым, досым үстімдегі отты сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Орнымнан тұруға тырыстым және есеңгіреген күйде үйге қайтпақ болдым, бірақ машинист мені тоқтатып, дәрігерлерді күту үшін жерге отырғызды. Олар келген соң маған ауырсынуды басатын дәрі екті. Біз екі минуттай жүрдік, бұл жер жақын, оқиға ауруханадан шамамен бір шақырым жерде болған. Қабылдау бөлімінде адам көп болғаны есімде, бәрі маған қарап тұрды. Ары қарай ештеңе есімде жоқ", - деді жасөспірім Tengrinews.kz тілшісіне.

Қазіргі уақытта жасөспірім ауруханада емін жалғастырып жатыр, оның қасында әжесі бар.
Фото Tengrinews.kz
Әйел сол күнді әлі күнге дейін түршіге еске алады. Оған қоңырау шалып, немересінің басына түскен жағдай туралы хабарлағанда, ол алдымен сенбей, мұны алаяқтар деп ойлаған, сондықтан тұтқаны бірден қоя салған.

"Тұтқаны тастай сала ұлыма қарай жүгірдім, оған да қоңырау шалып, болған жайтты хабарлапты. Мұндайды ешкімнің басына бермесін... Барлық дәрігер мен медбикелерге, осында еңбек етіп жатқан жандардың бәріне мың алғыс. Оларға басымды иемін, егер солар болмаса, ол аман қалмас еді, мұндай жарақаттардан кейін адамның тірі қалуы некен-саяқ", - дейді зардап шеккен жасөспірімнің әжесі.

Зардап шегушіге 18 ота жасалды
Дәрігерлер бір жарым ай бойы жасөспірімнің өмірі үшін күресті. Мұндай ауыр электр жарақатынан кейін санаулы адам ғана аман қалады, алайда медицина мамандары оның жағдайын тұрақтандырып, баланың өмірін сақтап қалды.

"Денесін ауыр күйік шалғанынан бөлек, оның қаны сирек кездесетін төртінші теріс топ болып шықты. Жанашыр тұрғындар қан тапсыру туралы үндеуге дереу үн қосты. Бала өте қиын кезеңнен өтті, ең бастысы – ол аман қалды. Біз күйік ең қатты зақымдаған аяқ-қолын ампутациялаудан сақтап қалдық. Реаниматологтардың, травматологтардың, ота блогы бригадасының үйлесімді жұмысы, сондай-ақ түпнұсқа дәрі-дәрмектерді алып берген демеушілер мен донорлардың арқасында науқастың жағдайын тұрақтандырып, сауығу жолына шықтық", - дейді жасөспірімнің емдеуші дәрігері Мирас Елжасов.

Мирас Елжасов. Фото Tengrinews.kz
Жасөспірім жансақтау бөлімінде жатқанда оған қарқынды және шокқа қарсы терапия жасалып, қан құю және хирургиялық ем шаралары жүргізілді. Дәрігерлер тері мен сүйекке 18 ота жасады, оның ішінде пластикалық оталар мен тері трансплантациясы бар.
Фото Tengrinews.kz
Оң серпінге қарамастан, жасөспірімді алда әлі ұзақ әрі күрделі оңалту жолы күтіп тұр.
Электрик болғысы келген, енді медицинаны армандайды
Болған оқиғаға дейін жасөспірім электрик мамандығына оқуға түсуді жоспарлаған екен. Енді ол оқуын жалғастырып, 11-сыныпты бітіруге және болашағын медицинамен байланыстыруға бел байлады - ол дәрігер болуды қалайды.

"Бір қызығы, осы оқиғаның алдында ғана электрик мамандығына құжат тапсырған едім. Енді дәрігерлердің жұмысын көріп, мен де солардың жолын қуғым келеді. Мирас Болатханұлы мен Руслан Асқарұлына емімді бастан-аяқ бақылағандары үшін көп рақмет айтамын. Сондай-ақ мейірбикелерге, аурухананың барлық қызметкеріне, соның ішінде санитарларға қажырлы еңбектері үшін мың алғыс", - деп зардап шеккен жасөспірім дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

Қостанайлық дәрігерлер жасөспірімдерді мұндай әрекеттердің қауіптілігінен сақтандыру мақсатында осы оқиға туралы айтып беруді ұйғарды. Әсерлі сурет түсіру үшін көбісі өмірін қатерге тігеді, алайда мұндай оқиғалардың соңы әрқашан сәтті аяқтала бермейді. Дәрігерлер ешқандай сурет адам өмірін өлім қаупіне тігуге тұрмайтынын ескертеді.
Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған әйелді аман алып қалды
Бұған дейін Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған әйелді аман алып қалды. Зардап шегуші ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен - одан көптеген сынық пен ішкі мүшелердің ауыр зақымдануы анықталды.
Медицина мамандарының үйлесімді жұмысы мен сауатты емдеу тактикасының арқасында, жарақаттардың ауырлығына қарамастан, ауруханаға түскеннен кейін жетінші тәулікте дәрігерлер арнайы жабдықтың көмегімен науқасты біртіндеп көлденең қалыптан тік қалыпқа ауыстыра бастады. Оныншы тәулікте әйел ауруханадан шығарылды.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net