Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Кептеліс, Канье туралы әзілдер мен лайфхактар: Алматыда жарықсыз үш сағат қалай өтті?

Алматы бірнеше сағатқа блэкаутқа түсті. Бағдаршамдар сөніп, кейбір көшелерде кептеліс болды, метро жұмысы тоқтады. Блэкаут неге болғаны және әйгілі рэпер Канье Уэстің концерті қарсаңында қаланың бұл жағдайды қалай өткергені туралы Tengrinews.kz материалында баяндаймыз.
"Алматыда жарықтың жаппай өшуі"
Бүгін Алматыда жанкүйерлері асыға күткен әлемдік жұлдыз Канье Уэстің концерті өтуі тиіс. Алайда жарықтың өшуі жұлдызды шоудың көлеңкесінде қалды.
Күндізгі сағат үш шамасында Алматының түрлі аудан тұрғындары электр энергиясының іркілістері туралы хабарлай бастады. Кейін оларға Алматы облысының тұрғындары да қосылды.
Энергетика министрлігі 14 тамызда еліміздің энергия жүйесінде Орталық Азия энергия жүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруіне байланысты қуат шектен тыс артқанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, осыған байланысты апатқа қарсы автоматика іске қосылып, салдарынан бірқатар өңірдегі тұтынушылардың бір бөлігі электрмен жабдықтаудан уақытша ажыратылды.
Жарықтың жаппай өшуі салдарынан Алматының бір бөлігінде қозғалыс тоқтап қалды.
Электр энергиясының өшуіне байланысты жекелеген қиылыстарда бағдаршамдар жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде көлік қозғалысы қиындап, жолдарда кептеліс пайда болды.

Кейін реттеушілер шықты. Полиция қызметкерлері жолдардың ең көп жүктелген учаскелерінде көлік қозғалысын қолмен реттеді.

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті.
Кейбір қиылыстарда курьерлер көмек ұсынды: мәселен, олардың бірі уақытша реттеуші рөлін өз мойнына алып, көлік ағынын ұйымдастыруға көмектесті.

Көлік кептелісінен толық құтылу мүмкін болмады - кейбір сағатта жолдағы кептеліс 10 балдық шкала бойынша 9 балға жетті.

"Жарық жоқ": қазақстандықтар не туралы әзілдеді
Мамандар үйлер мен басқа да нысандарға электр жарығын қайтарып, ал полицейлер мен кейбір курьерлер қозғалысты реттеп жатқанда, қазақстандықтар Threads желісінде болған оқиғаға өз түсіндірмелерін тапты.
Бұл күні қалада Канье Уэстің концерті белгіленгендіктен, пайдаланушылар блэкаут рэпердің алдағы өнерімен байланысты болуы мүмкін деп әзілдеді.

"Жарықты Канье өшірді ме?" – талқылаудағы ең танымал сұрақтардың бірі.

Әзілге қосымша себеп - Канье Уэстің электр жабдықтары маңында қысқаш ұстаған электрик кейпіндегі жасанды интеллектпен жасалған суреті болды. Осыдан кейін желіде рэпер электр желілерін жөндеп жатқан немесе Алматыны электрмен жабдықтауды "қалпына келтіріп" жатқан жасанды интеллект арқылы жасалған басқа да суреттер пайда бола бастады.
Threads скриншоты
Блэкаут кезінде де Алматы тұрғындары дағдылы өмір ырғағынан қалмауға тырысты. Қалада жарық жоқ кезде көпшілік стандартты емес шешімдер тапты. Осылайша, кейбір шаштараз жұмысын далаға көшіріп, клиенттерді тротуарда қабылдады.
Фото: Threads
"Жарықсыз метро"
Уақыт өте келе әзіл-қалжың жазбалары азайып, тұрғындардың мобильді байланыс пен интернетке қолжетімділіктегі іркілістер туралы хабарламалары алдыңғы қатарға шықты.
Мәселен, Алматыда жарық сөнгеннен кейін бір сағат ішінде метро да уақытша тоқтағаны белгілі болды.
Редакцияға оқырмандардан электрмен жабдықтау іркілістері туралы хабарламалар түсіп жатты.
Tengrinews оқырманы жолдаған фото


Анықтама: Қала әкімдігі метро жұмысы қалпына келгені туралы 19.00-ден кейін хабарлады. "Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп, метрополитен жұмысы қайта жанданды. Электр пойыздары қалыпты режимде жүріп жатыр", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кейбір тұрғындар үшін блэкаут лифттерде ұзақ күтумен аяқталды. Алматы тұрғындарының бірі шамамен екі сағаттан кейін шыққанын айтты. Абырой болғанда, ол зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ елімізде пойыздардың кешігуі туралы хабарланды.

"Электр қуатының өшуіне байланысты жолаушылар пойыздарының қысқа мерзімді кідірістері тіркелді", – деп хабарлады бізге "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Анықтама: Қазір қозғалыс толық қалпына келтірілді. Барлық пойыз өз бағыты бойынша жүріп жатыр.
Біртіндеп қаланың кейбір аудандарында су өше бастады. "Алматы Су" кәсіпорны үйлерге су беретін сорғы станциялары электр қуатымен жұмыс істейтінін хабарлады. Жабдықтың бір бөлігі уақытша штаттық режимде жұмыс істей алмады. Осыған байланысты кейбір ықшамаудандарда, әсіресе тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында сумен жабдықтауда іркілістер туындауы мүмкін екені айтылды.
Сонымен қатар чаттарда Алматыда жарық тек кешкі сағат 23:00-де қалпына келтіріледі деген жалған ақпарат тарала бастады.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Әкімдік алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды
Блэкаут басталғаннан кейін екі сағат өткен соң Алматы әкімдігі тұрғындардан сабыр сақтап, жалған ақпаратқа сенбеуді сұрады.

"Тұрғындардан сабыр сақтап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, ресми ақпаратқа сүйенуді және жарық өшкен жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", – деп хабарлады бұған дейін әкімдік.

Tengrinews оқырманы жолдаған фото
Кешкі сағат алтыға қарай Энергетика министрлігі жақын уақытта Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде электр қуаты толық қалпына келтірілетінін мәлімдеді.
Бұдан кейін қалада электр энергиясын беру біртіндеп қалпына келе бастады. Бірнеше аудан тұрғындары үйлері мен көшелерде жарық қосылғанын хабарлады. Алматылықтардың айтуынша, Медеу, Әуезов, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарында, сондай-ақ әуежай, Көк базар және Сайран көлі маңында электр жарығы берілген.

"Қазіргі уақытта Алматының энергетикалық ұйымдары кейбір тұтынушыларды кезең-кезеңімен желіге қосып жатыр. Қаланы электрмен жабдықтау біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Өңірлерде не болды?
Жарық Алматыда ғана өшкен жоқ. Сондай-ақ Шымкент пен Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының тұрғындары электр энергиясындағы іркілістер туралы хабарлады.
Осылайша, жарықтың өшуі Қазақстанның бірнеше өңірін қамтыды. Кейбір елдімекендерде электр қуаты толығымен жоқ болса, кей жерлерде тұрғындар жарықтың қысқа мерзімді үзілістеріне тап болды.
Орталық Азияда не болды?
Алдын ала мәлімет бойынша, электр энергиясының жаппай өшуі төрт елге әсер еткен. Алматы мен облыста жарық өшкеннен кейін, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тұрғындары да іркілістер туралы хабарлай бастады.
Осылайша, электр энергиясына қатысты мәселелер бір мезгілде Орталық Азияның төрт елінде байқалды.
Өзбекстанда электр энергиясы ауқымды өшкеннен кейін БАҚ пен пабликтер бұл іркілісті Қазақстанның энергия жүйесіндегі апатпен байланыстыра бастады. Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net