Түймені қате басты: әлем чемпионы 100 миллиондық турнирде мүлт кетті
Ресейлік гроссмейстер, шахмат блицінен 2024 жылғы әлем чемпионы және шахмат тәжі үшін екі мәрте бақ сынасқан Ян Непомнящий Esports World Cup турнирінде өкінішті қателік жіберді, деп хабарлайды Tengri Sport NEXTA басылымына сілтеме жасап.
Келеңсіз жағдай Парижде өтіп жатқан ең ірі киберспорт турнирінде болды.
Америкалық Ханс Ниманнға қарсы партия соңында Непомнящий королін G8 шаршысына жылжытпақ болған, бірақ байқаусызда H7 шаршысын басып қалып, бұл оның жеңілісіне себеп болды.
Жеңілістің қаншалықты ауыр тигенін гроссмейстердің реакциясынан байқауға болады: ол үстелді бірнеше рет жұдырықпен ұрып, компьютерден жылдам алыстап кетті.
Ресейлік шахмат гроссмейстері Ян Непомнящий шешуші ойында байқаусызда қате жүріс жасап, жеңіліп қалды.Бұл қателік Непомнящийге шамамен 1,5 миллион долларға түсті. Жеңіске жеткен жағдайда ол турнирдің келесі кезеңіне өтер еді.pic.twitter.com/s1UHYR2Vp2
— NEXTA (@nexta_tv) 13 тамыз, 2026 жыл
Осы жеңілістен кейін Непомнящий турнир кестесінің төменгі тобына түсіп, кейін 19 жастағы беларусьтік Денис Лазавиктен де жеңіліс тапты.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 1,5 миллион доллар, ал жеңімпаз 250 мың доллар (шамамен 115 миллион теңге) алады.
Ян #EWC турнирінде Ханс Ниманнға қарсы ойында үстелді үш рет ұрды!!! ???? ШАХМАТ ОСЫНШАЛЫҚТЫ ТАРТЫСТЫ pic.twitter.com/KZjk0knNHZ
— Chess.com (@chesscom) 12 тамыз, 2026 жыл
Бибісара Асаубаеваның жалақысы төңірегіндегі дау: чемпион қайдан және қанша ақша алған?