Бельгия королі Филипп Қазақстанға келеді
Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген.
Анықтама: Бельгияның Ұлттық күні жыл сайын 21 шілдеде атап өтіледі.
Сондай-ақ, король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.Өз кезегінде Премьер-министр Барт де Вевер екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтті.