Конор Макгрегор өзін жеңген Макс Холлоуэймен қайта кездескісі келеді
UFC жұлдызы, екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізгісі келетінін айтты. Ирландиялық спортшыға бұл сұрақ әлеуметтік желіде қойылған, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Макгрегор көп ойланбастан Макс Холлоуэйдің есімін атады. Осылайша ол UFC 329 турниріндегі сәтсіз жекпе-жектен кейін америкалық спортшымен қайта кездесуге ниетті екенін білдірді.
Бұл Холлоуэй болуы тиіс.
— Conor McGregor (@TheNotoriousMMA) July 17, 2026
Конор Макгрегордың сәтсіз оралуы
UFC 329 турнирі Конор Макгрегордың ұзақ үзілістен кейін октагонға оралуымен есте қалуға тиіс еді. Алайда жекпе-жек бірінші раундта-ақ күтпеген жерден аяқталды.
Кездесу кезінде Макгрегор секіріп соққы жасауға әрекеттенген соң құлап қалды. Ол орнынан тұрып, бірнеше соққы жасап үлгергенімен, қайтадан тепе-теңдігін жоғалтты.
КОНОР МАКГРЕГОР МЕН МАКС ХОЛЛОУЭЙ АРАСЫНДАҒЫ БҮКІЛ ЖЕКПЕ-ЖЕК БІР ВИДЕОДА #UFC329 pic.twitter.com/nYfYSA2kgJ— FADE (@FadeAwayMedia) 12 шілде, 2026 жыл
Осыдан кейін ирландиялық спортшы қатты ақсай бастады. Рефери оның жағдайын байқап, жекпе-жекті тоқтатты.
Нәтижесінде Макс Холлоуэй бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Макс Холлоуэй 1-раундта Конор Макгрегорды техникалық нокаутпен жеңді#UFC329 pic.twitter.com/52BnFWgeh2— UFC (@ufc) 12 шілде, 2026 жыл