Жанкүйерлер ӘЧ-дегі өнерінен кейін Эрлинг Холандқа еліктей бастады
Эрлинг Холанд соққан голдары мен алаңнан тыс жердегі өзін ұстауының арқасында АҚШ-та танымал адамға айналды. Бес матчте ол жеті гол соғып, 26 жылдан бері алғаш рет әлем біріншілігіне қатысқан Норвегия құрамасының үздік сұрмергені атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Erling Braut Haaland (@erling) жариялаған жазба
Ойын барысындағы жетістіктерінен бөлек, өзге де жайттар назар аудартты. Атап айтқанда, жұлдызды футболшы ӘЧ матчтеріне тағып шыққан оңтүстіккореялық компания шығаратын Kknekki шаш резеңкелеріне сұраныс күрт артқан.
Холанд резеңкені команданың ойын формасына қарай таңдайды. Қазіргі уақытта резеңкелердің барлық данасы сатылып кеткен.
Айта кетейік, Эрлинг Холанд 2015 жылдан бері Еуропада Kknekki брендін ұсынатын норвегиялық Bon Dep компаниясының миноритарлық иесі. Фото: kknekki.com
Холанд - ӘЧ қаһарманы
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы ӘЧ-де Эрлинг Холанд жеті гол соқты. 2018 жылы мұндай нәтиже турнирдің үздік сұрмергені атануға жеткілікті болар еді.
Қазір ол үшінші орында тұр, ал көшбасшылар Мбаппе мен Мессидің алда әлі екі ойыны бар.
Айта кетерлігі, Холанд биылғы Әлем чемпионатында ең танымал қатысушылардың біріне айналды. Турнир барысында оның Instagram парақшасына 24 миллион адам жазылды. Одан көп оқырманды Кабо-Вердедегі Возинья ғана жинады - 28,9 миллион.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Erling Braut Haaland (@erling) жариялаған жазба
Орман өрттеріне байланысты ӘЧ финалы өтпей қалуы мүмкін: мән-жайы
Бұған дейін ФИФА ӘЧ финалдық матчіне төреші тағайындады. Tengri Sport арбитр туралы деректерді және оның Испания мен Аргентина басты жұлдыздарымен кездескен сәттерін жинақтады.
Роналду Әлем чемпионатында ерекше антирекорд орнатты