Қазақстанда бірқатар мемлекеттік функцияларды бизнеске тапсыру мәселесін талқылайтын комиссия құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бәсекеге қабілетті ортаға жүктеуге болатын мемлекеттік функциялар тізімін анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Бұл туралы бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиын барысында Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту жөніндегі басқарма жетекшісі Асқарбек Ертаев мәлім етті.