Алматыда инвесторларға «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіле бастады (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында инвесторларға қызмет көрсету секторлары ашылды. Бұдан былай, инвесторларға әр түрлі мемлекеттік ұйымдарға барып, табалдырық тоздырудың қажеті жоқ. Енді барлық рұқсат қағаздар мен лицензияларды «Бір терезе» қағидасы бойынша алуға болады. Бұл әкімшілік және төрешілдік кедергілерді қысқартуға мүмкіндік береді.