Мәжілістің жаңартылуы мемлекет пен халық мүддесіне сай келетін маңызды қадам
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптаның сәрсенбісінде өткен бесінші шақырылған Мәжілістің соңғы жалпы отырысында спикер Қабиболла Жақыпов «қаңтардың 20-сы Парламент үшін ерекше күн екенін айтқан болатын». Шындығында, осыдан дәл 20 жыл бұрынғы 20 қаңтарда қос палаталы кәсіби Парламент дүниеге келіп, қызметіне кірісті.