Алматы бизнесі қаладағы балабақша тапшылығы мәселесін шешетін болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматы қаласының әкімдігі мен «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» ҚҚ, «Ақсәулет» ЖШС, «Платан» ЖШС өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды. Осы келісім бойынша алдағы уақытта үш балабақша салу жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.