Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Алматыда автобус жолағы көбейеді

Алматыда қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзетудің стратегиялық экологиялық бағалауы бойынша қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Көпшілікті мазалайтын мәселелердің бірі – қоғамдық көлікті дамыту. Қалада автобус жолақтарының саны артатыны белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қалаға кіруге тыйым салуға құқығымыз жоқ"
Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, Алматыда 730 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Күн сайын қалаға Алматы агломерациясынан мыңдаған машина кіреді. Соған қарамастан, билік өкілдері көліктердің кіруіне шектеу қоюды жоспарлап отырған жоқ.

"Біз қалаға кіруді жауып тастай алмаймыз, бұған құқығымыз да жоқ. Алматы – еліміздің экономикалық өзегі. Басты басымдығымыз – жолдағы кептелісті азайту. Біз қоғамдық көлікке басымдық береміз. Ол экологиялық таза ғана емес, қала мен облыстың әрбір тұрғыны үшін жылдам, ыңғайлы әрі қолжетімді болуы тиіс", – деп атап өтті Диханбаев.

Диханбаевтың айтуынша, Алматыда үш көлік-ауысып міну торабын салу жоспарланып отыр:

"Барлық" – қаланың батысында;
"Шығыс қақпасы" – шығысында;
"Солтүстік" – Қапшағай трассасы мен ҮААЖ қиылысында.

Үш торапты да ұзындығы 42 шақырымнан асатын SkyTrain желісімен қосу жоспарланған.
Анықтама: SkyTrain – эстакадалар арқылы қозғалатын жоғары жылдамдықты монорельсті көлік. Алматыда жалпы ұзындығы 42 шақырым болатын, 20 бекеттен тұратын екі желі салу көзделген. Бағыт "Барлық" және "Шығыс қақпасы" көлік-ауысып міну тораптарын қосып, Райымбек пен әл-Фараби даңғылдары арқылы өтеді. Жүйе құрылысы шамамен 3 жылға есептелген.
Тағы оқыңыз: Райымбек даңғылынан әл-Фарабиге дейін: Алматыда қоғамдық көліктің жаңа түрі іске қосылмақ
Алматыда автобус жолағы көбейеді
Сондай-ақ Алматы билігі автобус жолақтары желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазір олардың жалпы ұзындығы 84 шақырым.
2026 жылдың аяғына дейін бұл көрсеткішті тағы 47 шақырымға ұлғайтып, қаланың 40 көшесінде 131 шақырымға жеткізу көзделген. Ержан Диханбаевтың сөзінше, бұл автобустардың жылдамырақ жүруіне және кептелісте аз тұруына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қалада дизельді автобустардан бас тартылып жатыр.

"Қазір қалалық бағыттарда 2 194 автобус қатынайтын болса, оның 1 458-і қазірдің өзінде газбен жүреді. Оның ішінде 161-і - электробус, 156-сы - троллейбус. Дизельді отынмен жүретін 424 автобус қалды, олар да біртіндеп экологиялық таза отын түріне ауыстырылады", – дейді Диханбаев.

"Алаңдаушылықтарыңызды түсінеміз" – шенеунік LEZ аймағы туралы
Басқарма басшысы зиянды шығарындылар деңгейі төмен аймақ (LEZ) жобасына жеке тоқталды. Оның айтуынша, билік тұрғындардың алаңдаушылығын түсінеді және қатаң шектеу енгізуге асықпайды.

"Қазіргі кезеңде LEZ – шұғыл тыйым салу немесе жазалау шарасы емес. Бүгінде біз көлік ағынын талдап, жүйені баптап жатырмыз. Қаланың экологиясына қандай көліктер көбірек салмақ түсіретінін түсіну маңызды", – деді ол.

Ол қалада экологиялық аймақ шекаралары белгіленіп, 134 жол белгісі орнатылғанын хабарлады. Қазір мамандар "Алматы Паркинг" жүйесін 172 "Сергек" камерасымен біріктіріп жатыр. Кейін оны техникалық байқау станциялары базасымен байланыстыру жоспарланған.

"Зиянды шығарындылардың нақты деңгейі туралы деректер жүйеге автоматты түрде түседі, ал әрбір автомобильге экологиялық класс беріледі. Бұл автокөлікті тек құжат бойынша емес, оның қоршаған ортаға тигізетін нақты әсерін объективті бағалауға көшуге мүмкіндік береді", – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Ескерту: Оның айтуынша, техникалық байқау базасына қосылғаннан кейін жүйе көліктердің пайдаланылған газдары туралы мәліметтерді автоматты түрде алып, оларға экологиялық класс береді. Яғни, құжаттар ғана емес, машинаның ауаны нақты қаншалықты ластайтыны да ескеріледі.
Электртакси және ауыр жүк көліктері
Басқарма басшысының деректері бойынша, Алматыда ресми түрде 7,5 мыңнан аса тасымалдаушы тіркелген. Бұл ретте күн сайын желіде 50 мыңнан астам такси жұмыс істейді.

"Олардың 1 200-і ғана электртакси, бұл өте аз. Таксилер күн сайын кәдімгі көліктерге қарағанда әлдеқайда көп қашықтықты жүріп өтетіндіктен, тіпті бір машинаны электр қуатына көшірудің өзі орасан экологиялық тиімділік береді", – деді Ержан Диханбаев.

Алайда, билік электртаксилер санын қалай көбейтуді жоспарлап отырғанын басқарма басшысы нақтыламады.
Тағы бір бастама жүк көліктеріне қатысты. Билік мәслихат шешімі жобасын дайындады, онда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін қаланың көлік көп жүретін бөлігінде осіне 8 тоннадан астам салмақ түсетін жүк көліктері қозғалысын шектеу қарастырылған.

"Жүк тасымалына тыйым салу туралы сөз болып отырған жоқ екенін атап өткім келеді. Біздің міндетіміз – қаланың орталық бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, мектептерге, балабақшаларға және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға түсетін экологиялық жүктемені азайта отырып, ауыр көліктер қозғалысын уақыт пен бағыт бойынша қайта бөлу", – деп түйіндеді Диханбаев.

Сонымен қатар іс-шара барысында Қазақстандық экологиялық аудиторлар палатасының Алматы мен Алматы облысы бойынша өкілдігінің басшысы Әсет Тазабеков 2025 жылдың наурызындағы жағдай бойынша Алматыда 650 мыңнан астам автомобиль тіркелгенін, тағы 250 мыңға жуығы күн сайын басқа өңірлерден қалаға кіретінін хабарлады.
Тағы оқыңыз: Райымбек даңғылында “жаңа“ BRT бұзылып жатыр: жоспар қандай және неге өзгерді?


Ria.city
Загрузка...

Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net