Қазақстандықтарға жылжымайтын мүлік техпаспортын алу жеңілдетілді: нұсқаулық
25 маусымнан бастап қазақстандықтар жылжымайтын мүлік техпаспортына eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады, деп хабарлайды TengriHome.Қызмет 2026 жылғы 1 маусымнан бастап онлайн форматқа ауыстырылған. Бірақ осыған дейін eGov.kz электронды үкімет порталында ғана қолжетімді болатын.eGov Mobile-де техпаспортты қалай алуға болады?eGov Mobile қосымшасында авторлану.
Басты беттегі "Мемлекеттік қызметтер" - "Жылжымайтын мүлік және ТҮКШ" бөліміне өту.
"Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру" қызметін таңдау.Қажетті мәліметті толтыру.Өтінімге қол қою.
Құжат eGov Mobile-да қолжетімді болады.eGov.kz порталында техникалық паспортты қалай алуға болады?
eGov.kz порталында авторлану.
Басты беттегі "Азаматтарға" - "Жылжымайтын мүлік" бөліміне өту.
"Тұрғын үй қатынастары" бөлімін - "Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру" қызметін таңдау.
Барлық қажетті мәліметті толтыру.Өтінімге қол қою.
Құжат жеке кабинетте қолжетімді болады.
Тағы оқыңыз: Жаңа үйдің қабырғасы сөгілсе, құрылыс салушы нені жөндеуге міндетті?