“Таңғы сағат 6-дағы жылқы еті“. Көкшетаудың 5 жасар тұрғыны күтпеген жерден жұлдызға айналды
Неден басталды?
Бәрі Көкшетаудағы алаңдардың бірінде басталған. Орхан өзінің сүйікті әнін шырқап тұрған, сол сәт түсірілген видео желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Ролик 13 миллион қаралымды қарышты жылдамдықпен жинап үлгерді, бұл көрсеткіш әлі де өсіп жатыр.
Пікір қалдырушылар баланың батылдығына сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
"Таңғы алтыдағы жылқы еті", "Бұл не деген тәтті тоқаш", "Бала авторды 100 қаралымнан құтқарып қалды", "Таңғы 6-да тамақтандырған-ау", "Баланы мақтан тұтамын", "Құдай-ау, қандай сүйкімді", "Қаламыздағы ең танымал видео", "Қандай сүйкімді бала" - деп жазды желі қолданушылары видео астына.
Видеодағы трек трендке айналды: танымал спорт клубтарының ресми аккаунттары дыбысты іліп әкетіп, өз роликтерінде жаппай қолдана бастады.
@fca.astana ???????????? #fcastana #СпортвTikTok ♬ түпнұсқа дыбыс - FC Astana
Елімізде жаңа хитмейкер пайда болған сияқты.
@tundraesports Каминде таңғы 6-да ???????????? | #dotamemes #dota ♬ original sound - tundraesports
Орханның анасы не деді?
Біз Айгүлмен хабарластық. Оның айтуынша, жас әнші биыл мектеп табалдырығын аттайды. Әзірге бала музыкамен кәсіби түрде айналыспайды - бос уақытында ермексаздан мүсін жасап, ойыншық машиналар жинайды. Бірақ ән айтқанды өте жақсы көреді, ал Jony-дің трегін үш жасынан бері орындайды екен.
"Бұл әнді ол үш жасынан бері айтады. YouTube Shorts арқылы өзі жаттап алған. Мұның бәрі Jony менің сүйікті әншім болғанынан", - дейді ол.
@orhan220720 Кішкентай дауыс — үлкен талпыныс ❤️ Ол қатты тырысты және бұл әнге бүкіл жанын салды ???? Кішкентай әртісімізге қолдау көрсетіңіздер ✨ #orhan #вкамине6утрапоетмальчик#көкшетау #рек #балалар ♬ түпнұсқа дыбыс - ✨ORHAN✨
Өнерге деген құштарлық - отбасылық дәстүр. Орхан аға-әпкелерінің өнерін көріп, музыкалық ортада өскен. Олар музыкамен айналысады: домбыра тартады, ансамбльде өнер көрсетеді және үйде үнемі дайындалады. Кішкентай інілері әрқашан қастарынан қалмай, әуендерді құлағына құйып, қосылып айтып жүретін.
Орханның өзі әзірге танымалдылық ауқымын түсінбейді. Анасының айтуынша, оны нақты көрсеткіштер қызықтырады: ол бірінші кезекте видеоның қанша лайк жинағанын сұраған. Ал Айгүлдің өзі үшін мұндай зор назар күтпеген жағдай болды.
"Шынымды айтсам, әлі үйренісе алмай жүрмін. Дәмханаға, дүкенге кіргенде немесе қалада жай серуендеп жүргенде, адамдар оны жиі танып жатады. Кейде көліктерден белгі беріп, суретке түсуді немесе ән айтып беруді сұрайды", - дейді Айгүл.
Айгүл күтпеген танымалдылыққа қарамастан, балаға жарнама бойынша ұсыныстар әлі түспегенін айтты. Қазір отбасы блог жүргізуді бастауды, ал болашақта Орханды вокалға беруді жоспарлап отыр, бірақ баланы бірден шаршатқысы келмейді.
"Болашақта оны вокалға беруді жоспарлап отырмыз, блогты әрі қарай жүргізіп, дамытамыз. Бірақ қазір оған көп салмақ салғымыз келмейді. Уақыт өте келе, бірінші сыныптың ортасына қарай музыка мектебіне береміз деп отырмыз", - деді ол.
Орханның өзі болашақта "Форсаждағыдай" Toyota Supra мінуді және "жарысушы полицей" болуды армандайды.
Айта кетейік, жақында өскемендік жеңіл атлет Жасмин Бегалинованың бейнесі бүкіл әлемге тарап кеткен болатын. Жанкүйерлер жаппай фан-контент жасай бастады, ал авторлардың бірі аниме-ролик жасап шығарған.
Тағы оқыңыз: “Өмір бойы іздедім“. Домбыра үнін естіген бельгиялықтың жаңа арманы пайда болды