ӘЧ-2026: Испания мен Бельгия ойындарын қайдан көруге болады?
Жексенбі күнгі ойындарды Испания — Сауд Арабиясы матчі ашады, содан кейін дүйсенбіге қараған түні Бельгия Иранмен ойнайды. Түнде Уругвай Кабо-Вердемен кездессе, таңертең Жаңа Зеландия — Мысыр матчі өтеді.
Испания — Сауд Арабиясы: тікелей эфир
Алғашқы матчтің трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 20:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, сондай-ақ трансляция телеарна сайтында қолжетімді болады.
Топтан шығу үшін испаниялықтарға саудтықтарды жеңу қажет. Бұған дейін Испания Кабо-Верде командасын жеңе алмаған болатын.Өз кезегінде Сауд Арабиясы да Уругваймен тең ойнап, әзірге топта бір ұпай иеленді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация от المنتخب السعودي (@saudint)
Бельгия — Иран: тікелей трансляция
Мундиалдағы кезекті ойын күнінің екінші матчі Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады, ойынды Qazaqstan және Qazsport көрсетеді. Сондай-ақ, трансляция телеарналардың сайттарында қолжетімді болады.
Бірінші турда бельгиялықтар Мысырды жеңе алмаса, ирандықтар Жаңа Зеландиямен голға толы тартысты ойын өткізді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Belgian Red Devils (@belgianreddevils) жарияланымы
Уругвай — Кабо-Верде: тікелей трансляцияҮшінші матч 22 маусымға қараған түні Қазақстан уақытымен 02:50-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport көрсетеді. Сондай-ақ, ойынды телеарналардың сайттарынан тамашалауға болады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация от Real Salt Lake (@realsaltlake)
Жаңа Зеландия — Мысыр: тікелей трансляция
Ойын күнінің қорытынды матчінің трансляциясы 22 маусымда таңертең Қазақстан уақытымен 05:50-де басталады. Ойынды Qazsport және сайты арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FIFA World Cup (@fifaworldcup) жариялаған жазба
Еске салайық, әлем чемпионатының топтық кезеңі 28 маусымға дейін жалғасады.