ӘЧ-2026: АҚШ пен Бразилия матчтерін қайда және қашан көруге болады?
Плей-офф кезеңіне шығу үшін АҚШ, Парагвай, Аустралия, Марокко, Бразилия, Шотландия, Гаити және Түркия құрамалары күресті жалғастырады.
АҚШ плей-оффқа мерзімінен бұрын шығуы мүмкін
Америкалықтар Түркия құрамасын күтпеген жерден жеңген Аустралия командасына қарсы ойнайды. Жеңіске жеткен жағдайда АҚШ құрамасы қатар өтетін матчтің нәтижесіне қарамастан плей-оффтың екінші қатысушысы атанады.
D тобындағы келесі ойында Парагвай мен Түркия топтан шығу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Қос команда да турнирді жеңіліспен бастады және қазір тығырыққа тіреліп тұр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
U.S. Soccer MNT (@usmnt) жарияланымы
Бразилия құрамасы
Марокко командасымен тең түскеннен кейін әлемнің бес дүркін чемпиондары С тобында бірінші орынға күресті жалғастыру үшін Гаити құрамасын жеңуі керек.
Тағы бір матчте Шотландия жеңіске жеткен жағдайда көшбасшылығын нығайта түседі немесе тең түссе, плей-оффқа шығу мүмкіндігін айтарлықтай жақсартады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жарияланым: CBF • Seleção Brasileira de Futebol (@brasil)
С және D топтарындағы әлем чемпионаты матчтері: кесте және трансляциялар20 маусым
00.00 АҚШ - Аустралия;03.00 Шотландия - Марокко;05:30 Бразилия - Гаити;08.00 Түркия - Парагвай.
Барлық матчтің трансляциясын Qazsport арнасынан көруге болады, ал үш ойынды (Түркия - Парагвай матчінан бөлек) Qazaqstan арнасы да көрсетеді. Ойындарды тікелей эфирде арнаның сайты ұсынады.