Мәжіліс болмаған жағдайда Парламенттің қызметін Сенат атқара беретін болады - Қ. Тоқаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс болмаған жағдайда Парламенттің қызметін Сенат атқара беретін болады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында спикер Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәжілістің қызметін мерзімінен бұрын тоқтатып, сайлау тағайындау туралы Жарлығына қатысты пікірін осылай білдірді.