Ресейде доллардың бағамы 83 рубльге көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу биржасындағы сауда ашылғанда доллардың бағасы 83 рубльден асты. Кеше америкалық валютаның биржалық бағамы деноминация кезінен бергі ең жоғары көрсеткішке жетіп, тарихында алғаш рет рекордтық деңгейде болды.