Қазақстан құрамасы Гран-при алдында Елдос Сметовке қатысты шешім қабылдады
Одан бөлек, ерлер арасында түрлі салмақ дәрежесінде тағы 10 қазақстандық дзюдошы бақ сынайды.Әйелдер құрамасынан 10 спортшы қатысады, олардың қатарында қазақстандықтар арасында рейтинг көшбасшысы Әбиба Әбужақынова бар.
Скриншот: ijf.org
Циндао Гран-приіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізіміҚазақстан ерлер құрамасы
60 келі: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;73 келі: Бақытжан Әбдірахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан;81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;90 келі: Айдар Арапов, Даниил Крылов;100 келі: Асқар Біржанов, Бақжан Байтас.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
YELDOS SMETOV (@yeldos60kg) жариялаған жазба
Қазақстан әйелдер құрамасы
48 келі: Әбиба Әбужақынова;52 келі: Меруерт Сәрсенова;57 келі: Бақыт Құсақбаева;63 келі: Эсмигуль Куюлова;70 келі: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова;78 келі: Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева;78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
JENYS JUDO CLUB | KAZAKHSTAN (@jenysjudoclub) жарияланымы
Еске сала кетейік, Елдос Сметов кейінгі рет 2024 жылы Парижде (Франция) өткен жазғы Олимпиада ойындарында татамиге шығып, алтын медаль жеңіп алған болатын.
Осыдан кейін спортшы ұзақ үзіліс алды: біраз уақыт шетелде болып, ағылшын тілін меңгерді, кейін иық буынына ота жасатты.2025 жылдың аяғында Сметов жаттығуларын қайта бастады, бірақ әлі күнге дейін ұлттық құрама сапында жарыстарға қатысқан жоқ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
YELDOS SMETOV (@yeldos60kg) жариялаған жазба
Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне бардыБұған дейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) әлемнің үздік спортшыларының рейтингін жаңартқан болатын. Қазақстандық Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өз позициясын нығайтты.