Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Африкаға қақпа. Кения президенті Астанаға неге келді?

Уильям Руто Қазақстанға сапармен келген алғашқы Кения көшбасшысы болды. Екі ел арасында жеті мың шақырымнан астам қашықтық пен 33 жылдық дипломатиялық қарым-қатынас бар. Tengrinews тілшісі осы сапарды бақылап қайтты. Кения бізге ойлағаннан әлдеқайда жақын екені белгілі болды, мәселен, кез келген гүл дүкенінен бұған көз жеткізуге болады.
Алтынға бергісіз минуттарҚазақстанның Кениядағы елшісі Барлыбай Садықов өз креслосы қасында түрегеп тұрып, телефонынан бірдеңе іздеп әлек. Сол қолында телефоны мен көзілдірігі бар. Делегациялар әлі кірген жоқ, көрші орындық бос тұр, бірақ ол отырмайды: елші үшін мемлекеттік сапар бәрінен бұрын басталып, бәрінен кеш аяқталады.
Барлыбай Садықов. Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов
Бұған дейін ол өз адамдарын кениялықтармен таныстырып жүрді. Бірі басын изеп, енді бірі көршісінің иығынан асып қол алысып жатты.
Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов
Ал содан кейін ол журналистерді қажетті кениялық министрлерге апарып, сұхбат алуға келісіп жүрді.
Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов
- Барлыбай Кәрімұлы, біз, қазақстандықтар, Кения туралы нені білуіміз керек?
Дипломат терең тыныс алып, күлімсіреп былай дейді:
- Қазір маған осы жұмыстарды ілгерілету үшін қысқа кездесулерді келісіп алу керек. Мен үшін бұл минуттар алтынға бергісіз. Өтінемін... Себебі кейін ол жақтан (Кениядан) министрлерге қол жеткізе алмайсың. Маған сәл уақыт беріңіздерші.
Шай, кофе, сауда-саттықҚазақстан мен Кения президенттері келіссөз залына кірмес бұрын, екі делегация дипломатиялық сапқа тұрды.
Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов
Кения президентінің адъютанты Фабиан Ленгусуранга кенет тіктелгенде, көшбасшылардың келе жатқаны белгілі болды.
Кения президентінің адъютанты Фабиан Ленгусуранга. Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан ҚұлшымановПрезиденттер оюлы, биік арқалы орындықтарға бір-біріне қарама-қарсы отырды. Ортадағы аласа үстелдің үстіне гүл қойылған.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Тоқаев Рутоға өзімен бірге келген бизнес-делегация үшін алғыс айтты. Ол Кенияны экономикалық және саяси тұрғыдан Африкадағы ең дамыған мемлекеттердің бірі, ал Найробиді БҰҰ жүйесіндегі ұйымдар орналасқан құрлықтың халықаралық орталығы деп атады. 2025 жылы Қазақстан онда өз елшілігін ашты.
Кеңейтілген құрамдағы әңгіме ауқымы одан әрі кеңейді.
Тоқаев Қазақстан мен Кенияны бір осьтің екі нүктесі ретінде сипаттады: бірі Еуразия жүрегінде орын тепкен, екіншісі Шығыс Африканың экономикалық орталығы саналады. 

- Біз нарықтарды және көлік бағдарларын байланыстырып, инвестициялар мен тың мүмкіндіктерге жол ашу арқылы Орталық Азия мен Африка арасына дәнекер бола аламыз, - деді Тоқаев.

Президент екі ел де бейбіт сыртқы саясат жүргізіп, мультилатерализм қағидатына сай әлемдік тәртіпті дәйекті түрде жақтап келетінін атап өтті. Қазақстан ортақ мақсаттарды өзара тиімді әрі нақты жобаларға ұластыруға дайын. Руто жауап ретінде баяу басын изеп отырды, ал кениялық министрлер өздеріне түртіп алып жатты.
Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов
Руто өз сөзін бұл Кения президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары екенінен бастады. Оның сөзінде "great" сөзі бірнеше рет қайталанды: great country, great hospitality (ұлы ел, зор қонақжайлылық). Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастың 1993 жылы басталғанын, ал Тоқаевпен жеке өзі 2023 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында танысқанын еске салды.

- Найроби қаласында тұрақты елші тағайындау туралы шешіміңіз Сіздің және Үкіметіңіздің Қазақстан мен Кения арасындағы байланыстарды ілгерілетуге маңыз беріп отырғандарыңызды байқатады, - деді ол.

Тоқаевтан екі орын аттап Руто айтқан адам отырды. Мызғыған жоқ.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Кения Қазақстанға шай, кофе және басқа да тауарлар экспорттайды. Демек, қазақстандықтар ішіп жүрген шайдың бір бөлігі кениялық болуы әбден мүмкін.
Рутоның айтуынша, Қазақстан - Еуразияға қақпа.Әрі қарай түрлі сала талқыланды: сауда, логистика, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері, электронды үкімет, ғарыш саласы, туризм және биоалуантүрлілік.Қазақстан үшін Африкаға есік
Кейін Кения делегациясынан қазақстандық камералар алдына СІМ басшысы әрі үкіметтегі екінші тұлға Мусалия Мудавади шықты. Бірер қадам жерде елші Садықов әңгімені телефонына түсіріп тұрды.
Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов
- Біз Қазақстанның біздің ең ірі порттарымыз - Момбаса немесе Ламуда нығаюға деген ниетін құптаймыз, - деді ол. - Сіздің Президентіңіз LAPSSET жобасын да атап өтті. Бұл теңізге шыға алмайтын бірнеше елді байланыстыратын маңызды инфрақұрылымдық желілердің бірі.
LAPSSET - Кенияның жаңа Ламу портын Эфиопия және Оңтүстік Суданмен байланыстыруға арналған 25 миллиард долларлық мегажобасы.
Мусалия Мудавади. Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов
Мудавади порттар арқылы Қазақстан 300 миллионнан астам адамы бар нарыққа жол ашатынын қосты. Бұл - Кения, Танзания, Уганда, Руанда, Бурунди, Конго Демократиялық Республикасы, Оңтүстік Судан, Эфиопия және Эритрея.
Африканың осы тоғыз елі халық саны жағынан алғанда, шамамен он бес Қазақстанға тең.
Елші Садықов бұл әңгімені камераға түсіріп алды.
Бұған жауап ретінде Мудавади өз ойын былайша түйіндеді: Кенияның ресурстары мен кен орындары жеткілікті, бірақ оларды игеру үшін технология, капитал мен тәжірибе жетіспейді.- Қазақстанмен серіктесе отырып, біз қос тараптың да әлеуетін аша аламыз, - деді ол.
Кенияның гүлдері мен Қазақстанның қызығушылығыҚазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен жеке сөйлесудің сәті түсті. Оның айтуынша, Найробидің маңызы экономикадан да ауқымдырақ: бұл Нью-Йорк, Вена және Бангкокпен қатар БҰҰ жүйесінің штаб-пәтерлері орналасқан әлемдегі төрт қаланың бірі.Қазақстан кейінгі уақытта Африкада алты елшілік ашты. Кения да Қазақстанда елшілік ашады - алдымен құрметті консулдық, кейін толыққанды өкілдік жұмысын бастайды. Олар Қазақстанды Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастырады  және өздерін Африкаға жол ашатын қақпа ретінде қабылдауды сұрайды.
Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов- Қазақстанға Африка бағытында бет бұру не үшін қажет?
- Африка бағыты ғана емес, біз қазір ел ретінде орта держава ретінде бекідік, сондықтан тек өңірлік мәселелермен шектеліп қалмаймыз. Бізді әлемде болып жатқанның бәрі толғандырады. Ал Африканың дауысы бүгінде барған сайын қаттырақ шығып келеді. Қазір барлық ел Африкамен жұмыс істеуге ұмтылады. Көшербаев та шай туралы атап өтті - Кения осы өнім бойынша әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі. Сондай-ақ бай табиғат, алтын мен кобальт та бар.- Әрине, бұл ел әлемдегі гүл жеткізушілердің де көшбасшысы, - деді ол. - Атап айтқанда, Голландия гүл нарығының 25 пайызы Кениядан келетін тауарлар. Ал біз гүлді Голландиядан аламыз. Демек, бізге келетін гүлдер кениялық болуы әбден мүмкін.Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Рутоға І дәрежелі "Достық" орденін тапсырған кезде де үстел үстінде гүлдер тұрды. Олар да кениялық болуы ғажап емес.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекеттік сапар ерте басталып, кеш аяқталады. Бірақ осы уақыт ішінде алыстағы Кения жақындай түскендей болады.
Тағы оқыңыз: Қазақстан жошылыққа бет бұрды
Түркістан түркі әлемін қалай біріктірді?“Мәңгілік достық“ қандай: Ердоғанның Астанаға сапары туралы репортажӘке мен бала, марш пен танго. Ақордадан репортаж
Авторы: Айсұлтан Құлшыманов
Дайындаған: Айнұр Қапышова



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net