Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды?

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 57 ардагері тұрады. Жеңістің 81 жылдығына орай олардың әрқайсына 5 миллион теңгеден төленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елде қанша тыл еңбеккері, ардагерлерге теңестірілген азаматтар тұратынын және оларға қандай қолдау шаралары қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында министрлік Жеңіс күні қарсаңында әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және Жеңіске үлес қосқан азаматтардың өзге де санаттарына біржолғы көмек көрсететінін мәлімдеді.
Биыл барлық өңірде соғыс ардагерлеріне бірдей сома - 5 миллион теңгеден төленіп жатыр.
Қалған санаттарға төленетін төлем көлемі жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне байланысты.
Қанша соғыс ардагері мен тыл еңбеккері қалды?
Еңбек министрлігінің мәліметінше, кейінгі 5 жылда Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны 7 есеге жуық азайған. Егер 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елде 381 ардагер тұрса, биылғы 1 мамырдағы мәліметке сәйкес 57 майдангер қалған.
Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 31 349 тыл еңбеккері тұрады.
Кімдер соғыс ардагерлеріне теңестірілген?
Еңбек министрлігі жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бойынша да мәлімет ұсынды. Олардың қатарында:

Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрынғы КСРО-ның ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарында, сондай-ақ, әскери қызметте болған және қорғанысқа қатысқан қалалардағы қызметі еңбек өтіліне есептелген азаматтар - 1 адам;
Кеңес армиясы, Әскери-теңіз флоты, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінде штаттық қызмет атқарған ерікті жалдамалы құрам өкілдері - 5 адам;
Ленинград қоршауы кезінде еңбек етіп, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар - 57 адам;
концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары - 110 адам;
Чернобыль АЭС апатының, өзге де радиациялық апаттар мен ядролық сынақтардың зардабын жоюға қатысқан азаматтар - 2 707 адам бар.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарында жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедек болған азаматтарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген санаттар да бар:


бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, әскери борышын өтеу барысында, сондай-ақ, Ауғанстанда немесе соғыс қимылдары жүрген өзге мемлекеттерде жарақат алып, мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілер — 2 876 адам;


бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қызметтік міндетін атқару кезінде жарақат алып, мүгедектігі белгіленген қызметкерлері — 178 адам;


басқа елдердегі әскери контингенттерге қызмет көрсетіп жүріп, соғыс қимылдары кезінде жарақаттанған немесе ауруға шалдыққан жұмысшылар мен қызметкерлер — 25 адам;


Чернобыль АЭС апаты, өзге де радиациялық апаттар мен ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектігі белгіленген азаматтар, сондай-ақ ата-анасының радиациялық сәулеленуіне байланысты генетикалық тұрғыда мүгедектігі бар балалары — 9 943 адам.


Қазақстанда қанша Батыр мен еңбек марапаттарының иегерлері бар?
Министрлік Қазақстанда "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған қанша азамат, сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ерлері, Еңбек Даңқы орденінің иегерлері және КСРО кезіндегі басқа да еңбек марапаттарының иегерлері бар екенін хабарлады.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елде тұратындар:

"Халық қаһарманы" атағына ие болғандар - 8 адам;
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар - 42 адам;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері - 18 адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар - 396 адам;
1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген немесе қызмет өткерген және тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандар - 30 953 адам.

Бұл ретте КСРО немесе Қазақстанның ордендерімен, медальдарымен, құрметті атақтарымен, құрмет грамоталарымен немесе ведомстволық наградаларымен марапатталған зейнеткерлер бойынша статистика бөлек жүргізілмейді, өйткені олар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарына жатпайды.
Ардагерлер қандай төлемдер алады?
Ведомство мәліметінше, республикалық бюджет есебінен жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері артып отырады.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері келесідей:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін - 290 мың теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жарақаты, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін - 300 мың теңге.

2026 жылы 9 мамырға орай әкімдіктер келесі төлемдерді қарастырды:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 5 миллион теңгеден;
Ленинград қоршауында болғандарға - 60 мың теңгеден бастап;
Концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 100 мың теңгеден бастап;
Соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - 22 мың теңгеден бастап;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне - 50 мың теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жарақаты, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар, қайтыс болған адамдардың жұбайларына - 35 мың теңгеден бастап.

Ардагерлерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?
Министрліктен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек берілетінін, олар мұқтаж деп танылған жағдайда тұрғын үймен бірінші кезекте қамтамасыз етілетінін, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бірінші кезекте алатынын, емханаларда артықшылықпен қызмет көрсетілетінін және кезексіз ауруханаға жатқызылатынын хабарлады.
Сондай-ақ, ардагерлер білікті медициналық көмек алуға, тіс протездерінен басқа протездермен және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз етілуге, арнаулы әлеуметтік қызметтерді бірінші кезекте алуға, байланыс қызметтерін кезексіз пайдалануға және жеңілдікті салық салуға құқылы.
Ардагерлерге қосымша қолдауды әкімдіктер көрсетеді. Бюджеттік және демеушілік қаражат есебінен оларға тұрғын үйін жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктері, дәрі-дәрмек, азық-түлік жиынтықтары және көмектің басқа да түрлері берілуі мүмкін.
Алушылардың тізбесі, көмек түрлері, әлеуметтік қолдаудың жиілігі мен мөлшері әр өңірде әкімдіктердің ұсынысы бойынша мәслихаттардың шешімімен жеке бекітіледі және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Министрлік төлемдер, жәрдемақылар мен жеңілдіктер мөлшерін одан әрі қайта қарау мәселесі республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, ардагерлерді әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру аясында қарастырылатынын айтты.

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net