“Celebrity culture” және оның Қазақстанға қажеті неде?
Celebrity culture – дамыған елдерде кең тараған үдеріс. Танымал адамның өмір салтына, ой-санасына және жүріс-тұрысына еліктеумен ерекшеленеді. Қазақстан кеңістігінде қазақ әртістеріне деген бұндай «табынушылық» өте сирек кездеседі. Алайда бұл үдерістің отандық бренд пен отандық өнімді құрудағы үлесі орасан.
Мәдени институттар қоғамдағы рухани өндірісті жүзеге асыратын маңызды әлеуметтік компоненттер. Оған кино индустриясы, кітапхана, музыка саласы және т.б. жатады, ал сол саладағы жұлдыздар мәдениеттің көрінісі. Соңғы онжылдықта кино және музыка саласы адамзат өркениетінің дамуына, адамдардың рухани құндылықтары мен эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етуде. Ал сол салада жұмыс жасайтын әртістердің міндеті халық пен мәдениет арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Қазірде әртістің қоғамдағы көрінісін сипаттайтын...